Өзіңе – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Өзіңе» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2184
Бір бұл емес өзіңе аттағаным,
Сүюші ем шаңқай күннің аптағанын
Өзіңе бір нәзік өн арнай келіп,
Өзіңе бір нәзік сыр ақтарамын.
Алтын аймақ сені айтса мақтанамын,
Ақ гүліңдей менің де аппақ арым.
Ақынның келуін айлап күтіп,
Жатырмысың керіліп, Мақтаралым.
Арудың ақ жүзіндей, Мақтаралым,
Жылыұшырап сен маған жалт қарадың.
Сағынған елім бар деп осы өңірде,
Мен өзіңе асыға аттанамын


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері