Қараторы, ботакөз – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Қараторы, ботакөз» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2396
Алақанда бәйек боп аялаған,
Ас дәмін қонағынан аямаған.
Ұлан-асыр осынша ықыласқа,
Шіркін-ай, ішпей-жемей тояды адам.
Ақсақалдар төрде отыр малдас құрып,
Қымыз жұтып, сусындап, жамбас мүжіп.
Осында отыр өңкей бір сауықшыл жас,
Қазақтың салт-санасын жалғастырып.
Өз мекенін, өз елін берік сүйген,
Шекеге дөңгелектеп бөрік киген.
Осында отыр өңшең бір сал-серілер,
Бұл кеште домбыраға ерік тиген.
Келіп отыр жастар да өрімделген,
Қараторы, ботакөз, керім келген.
Ас әзірлеп сыртта жүр ас иесі,
Қонаққа көрпе төсеп, төрін берген.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері