Мұның аты өш алу – Сұлтанмахмұт Торайғыров

Бұл бетте «Мұның аты өш алу» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 1
  • 5952
Өлеңім айт дегенде шырылдаған,
Ісімнің бәрі түгел қырындаған.
Қолымда, қалай қылып қорласам да,
Кешегі қызыл қаншық ырылдаған.

Шақпасам, бит болмаймын,
Үрмесем, ит болмаймын.
Қасымаса бит те қоюшы еді,
Үндемесе ит те қоюшы еді.

Жаман жалданса
Қалай жүрерін білмей,
Әкесінің басын жара жаздайды.
Әйелін көрсетем деп,
Абыройын шашып,
Артын аша жаздайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Рамазан

Ағашқа тақпақ керек

Осы автордың басқа өлеңдері