Бұл бетте «Көбелек пен тұйғын» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тұйғын бір күн көрді де,
Көбелекті шырлаған,
Гүл қуалап, шуақтап
Көктем жырын жырлаған.
Төбесінен төне түсті,
(Көбелекке ол қандай күшті)
Қағып алғысы кеп,
Жығып салғысы кеп,
Түйлікті де,
Шүйлікті де.
Көбелек оған саспады,
Қалыңға қарай қашпады,
Өйткені, көп достары,
Көбелекті қостады.
Түйлігіп келген тұйғынды,
Қуып тастады.
Тұйғын қатты тайлықты,
Жүрегі әбден шайлықты...
Досы көптің қасына,
Жау келмес деген осы да!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі