Сауысқан – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Сауысқан» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5396
Бір суайт сауысқан,
Өз айтуынша:
Екі бірдей институтты тауысқан.
Аз өмірінің ішінде
Алпыс екі қызметке ауысқан.
Талаймен ажырасып,
Талаймен танысқан.
Алты рет үйленіп,
Жеті рет ЗАГС - ке барысқан.
Жылпыңдығы да бар,
Жылпостығы да күшті,
Біреуге бөле, біреуге туысқан.
Ісі түскенге сүттей ұйысқан,
Мойнына асылдырып, қойнына қысқан,
Шықылықтап қонып, сықылықтап ұшқан.
Сауысқан болма, сақтан!
Орныңды тауып мақтан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері