Сауысқан

Бұл бетте «Сауысқан» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5264
Бір суайт сауысқан,
Өз айтуынша:
Екі бірдей институтты тауысқан.
Аз өмірінің ішінде
Алпыс екі қызметке ауысқан.
Талаймен ажырасып,
Талаймен танысқан.
Алты рет үйленіп,
Жеті рет ЗАГС - ке барысқан.
Жылпыңдығы да бар,
Жылпостығы да күшті,
Біреуге бөле, біреуге туысқан.
Ісі түскенге сүттей ұйысқан,
Мойнына асылдырып, қойнына қысқан,
Шықылықтап қонып, сықылықтап ұшқан.
Сауысқан болма, сақтан!
Орныңды тауып мақтан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сауысқан өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Сауысқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сауысқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сауысқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері