Қазға еліктеген қарға – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Қазға еліктеген қарға» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4442
Қарға қаздай байпаңдап,
Болғысы келді байсалды - ақ
Үйренген байғұс секектеп,
Жүре алмады қойқаңдап,
Кете берді шойқаңдап.
Қаңқылдаймын деп қарқылдады.
Орынсыз қиқулады.
Жауыр көрсе жалтақтай берді,
Басы құрғыры қалтақтай берді.
Сонымен сөйтіп,
Өйтіп-бүйтіп
Қаз болғысы келген қарға...
Бола алмады,
Желге де төзе алмады,
"Қақ " деді де ұшты,
Өзінің "таз қалпына " түсті.
Әрине, қарға қаз болмайды,
Қарға болғысы келген
Қаз да оңбайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері