Сағыныш – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Сағыныш» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 1
  • 3291
Сағынамын. Жабығамын. Бағынамын жүрекке.
Не қыламын? Бәрi мәлiм: сезiм осы - дiр етпе!
Сүйiп қалдым. Тұйықталдым. Ұйып-қандым сырына.
Биiк таудың шығып та алдым барса келмес шыңына.

Құстар ғана құштарлана ұшты айнала төбемнен,
Ұстамды аға, тұспалдама, - өз сорымнан көрем мен!
Қарлы асқарға, нар бастауға, бармас тауға шығыппын.
Алжасқанда қалмас қайда алтын басы жiгiттiң?!


Пікірлер (1)

Айгуль

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері