Өздерi өткен көпiрлерiн – Ұлықбек Есдәулетов

Бұл бетте «Өздерi өткен көпiрлерiн» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2020
  • 0
  • 1
  • 1852
Өздерi өткен көпiрлерiн
өртеп кеткен ағалар-ай.
өткел таппай өкiнгенiм,
өзен бойын жағалап-ай...

өте қояр қайық та жоқ,
өткел табар байып та жоқ,
өр кеудемен қойып кеттiм,
өлерменге айып та көп.

Тартып келем барым салып,
Тырмысамын,
Талғандаймын.
Тау толқыннан қарым талып,
Тауым қайтып,
Тал қармаймын.

Алда
көздi бақырайтып,
Ағалар тұр ақыл айтып:
«Алай жүзбе, былай жүз! - деп.
Арыныңды сынаймыз...» - деп.
Асау толқын арасынан
Мен келемiн Құдайды iздеп!


Пікірлер (1)

Нұралыбек

Керемет. Ұлықбек аға рахмет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері