Тырна мен көгершін – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Тырна мен көгершін» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3265
Тырна көгершінмен көрші қонды,
Ісінің көбісі ерсі болды.
Тырнаның "тырауы " таусылмады,
Мезгілсіз жүріп-тұруы басылмады.
Сәл тамағы аш болса да,
Сәл назары пәс болса да,
Жүрсе де, тұрса да,
Біреуге мойнын бұрса да,
Бәріне де "тыру ",
"Тыру да тыру ",
Тырусыз тұру
Көгершінде жоқ болды.
Кейде ел жата,
Кейде таң ата,
Өз үйіне кеп қонды.
Тырнаға айтқан сөз қонбады,
Ақырын айтса жетпеді,
Тырнамен көрші болғалы
Басынан қиқу кетпеді.
Осындай "тыру" тырналар
Аз да болса әлде бар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері