Қағаз бен қалам
Бұл бетте «Қағаз бен қалам» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қағазы бір ақынның
Айтып тұр арыз қаламға:
— Ақ бетімді боямай,
Тыныштық берші маған да,
Тыныштық болсын саған да,
Дегенде қалам қағазға,
Жауап берді ол табанда:
— Мен бетіңді боясам,
Жорыма, достым, жаманға,
Қаларсың мүмкін үлгі боп,
Кейінгі ұрпақ адамға.
Алғыс айтар сол кезде,
Саған да, жазған маған да.
Роналдиньо ТВ эдит
Почему нет комент