Өлең, жыр, ақындар

Төрешілдік

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1603
Арыз түссе алдына,
Бір оқуға ерініп,
Алқымынан қиғаштап,
"Тәртіп" салады керіліп.
Тастай беріп хатшыға:
— Орында! — дейді, тебініп.
Әйел келсе, алдына,
Отырғанда ерігіп,
Көтеріліп керіледі,
Өз-өзінен серігіп —
Жымың-жымың күлімдеп,
Емпеңдейді, емініп,
Шаруа келсе алдына,
— Шыға тұр! — дейді шегініп.
Я болмаса алыстан,
Бір сөз айтады жерініп:
"Предложить, отложить",
"Тәртіп " сайын көрініп.
Бұрқыраған шашылған,
Материалға көміліп —
Портфелінің қарыны,
Лықа толып, төгіліп...
Жырымдалып жиегі,
Сүйретіледі сөгіліп...
Жыртылмаған пакеттер
Жерде шаңға көміліп,
Аттанатын пакеттер,
Жатыр печать соғылып.
Оқу іздеп ауылдан,
Әйел - қыздар тоғылып,
Арып-ашып жаяулап,
Қара терге шомылып, —
Келе қалса алдына,
Кейде қабыл болып:
"Реко... мандабайт!"— дейді,
Қолы қисық қойылып.
Бурабайы — Алматы,
Алматысы — Бурабай
Алжас "тәртіп" соғылып,
Аттандырған адамы —
Арып-ашып, зорығып,
Іздеп барса басқа жер,
Қайта қайтады, торығып.
"Төрешіліктің" торына
Жатқандарға жолығып,
Тазалау комиссиясы,
Не дер екен егер де
Қала қалса жолығып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шағын мысалдар

  • 0
  • 0

Бас тұрды балағаттап екі аяғын:
— Жоғарымын, бәріңді бастайтын мен.
Сенсіз де өмір, рахат сүре аламын! —
Деді де бас қойған жоқ, босқа айтумен,

Толық

Сиқымбай

  • 0
  • 0

Сылтауы көп Сиқымбай,
Шашылған желмен қиқымдай,
Жүргені ылғи болбырап,
Өз орнында бір тұрмай,

Толық

Содырларға бір сойқан

  • 0
  • 0

— О, қайдасың, Бәти - ау,
— Не боп қалды апырау?
— Госконтроль — бақылау,
Тексеретін болыпты.

Толық