Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Есенбергеновтың еркелігі

Бұл бетте «Есенбергеновтың еркелігі» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1663
Есбергенов мақтана келеді.
Ішіндегі сырын ақтара келеді.
"Министрдің путевкасымен
Келдім!" — деп сөзі бастала береді, —
Жағрапияның барлық нүктесін,
Біздің мына бас басқара біледі.
"Бұл бас тегін бітпеген бас " деп,
Үлкен бағаны басқа да береді.
Балалар күлсе мастана береді,
Оқушыларды күлдіріп алады,
Күлдіремін деп, бүлдіріп алады,
Өзеннің атын тізбектей келіп,
Өзі класта су болып ағады,
Су болып жүріп қыздарға соғып,
Кейде "байқаусыз " жығылып та қалады.
"Сұрау берсеңдер кесіп ту сем... " деп,
Бір ауыз сөзбен тындырып салады.
Бірақ сұрауды кесе де алмайды,
Кеспек түгіл шеше де алмайды,
"Сендер мені сынамақ па едің?" — деп,
Сұрау бергеннің соңынан қалмайды.
Бір сөзі жай сөз, он сөзі қулық,
Оған келгенде бұлбұлдай сайрайды.
Әзербайжанның сиырын айтады,
Сүтінің қою, сұйығын айтады:
"Құтты келеді, сүтті келеді,
Терісі қалың түкті келеді,
Емшегі сүйір, еттері тығыз,
Ұзын мүйізді, жүкті келеді.
Қалың қабырға, лайға жатаған,
Мызғымас молтақ, мықты келеді.. "
"Көкесін сөзді қойсаңыз " десек,
"Көргенсіз, шық!" — деп, жауап береді.
Ер болсын, қыз болсын, "әй " деп сөйлейді,
Бұл түрмен қалай сауат береді?
Таяқпен түртіп, картаны сілтеп,
Ақырын күліп қыздарға келеді.
Таяқты, шырақ, байқап сілте деп,
Қыздардың келіп желкесінен төнеді.
Қылығы қылмыс, кекесінді,
Оқушы жастар қалайша көнеді?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есенбергеновтың еркелігі өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Есенбергеновтың еркелігі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есенбергеновтың еркелігі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есенбергеновтың еркелігі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар