Ауданнан шықты Айдабол

Бұл бетте «Ауданнан шықты Айдабол» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1592
Ауданнан шықты Айдабол,
Колхозға барды айдап ол.
Бастықтарды шақырып,
Бұйырып тұр ақырып:
— Малдарың қалай, семіз бе,
Төлдерің қалай, егіз бе?
— Көріңіз көзбен, түсіңіз...
— Нанбаймын ба лебізге, —
Деді де бастық жөнелді,
Алысқа бармақ ол енді.
Машинадан түскен жоқ,
Әлі тамақ ішкен жоқ.
Алысқа кетті айдап ол,
Колхозға жетті Айдабол:
— Болдыңдар ма жем тасып,
Болдыңдар ма кең шашып ?
Сендерге тығыз тапсырма —
Сендерге бұйрық қолма-қол!.. —
Деді де тартты ауданға,
Қайта оралып Айдабол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауданнан шықты Айдабол өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Ауданнан шықты Айдабол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауданнан шықты Айдабол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауданнан шықты Айдабол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері