Шолақбай – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Шолақбай» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1573
Аты шулы Шолақбай,
Бұрқырап жүр таң атпай.
Қырықтың" күші құтыртып,
Жан-жағына қаратпай.
Үстін итке талатпай,
Күшікке аузын жалатпай,
Аман-сау жетсе жарар еді,
Шекесін сойыл қанатпай.
Сөйткенше болмай Шолақбай,
Ұшып түсті қанаттай,
Шалқалап жатыр шалшықта,
Қайырлаған шабақтай.
Тағы да тұрды жұлқынып,
Көрінгенге ұмтылып,
Асханаға қайырылды
Бір жығылып, бір тұрып.
Және бір досы кез болды,
Шолақбайдың "бағына ",
Бір-екі жүзді жұтты да,
Шыға келді тағы да.
Бір кездері кешкілік
Үйіне келді ес кіріп.
Жұбайын қуды үйінен,
Күндегі кәсіп ескілік.
Жұбайына жұтынып,
Бір "жартылық " тағы алды:
Ойнақтап жүріп от басып,
Суық үйге қамалды.
Уа, Шолақбай, Шолақбай,
Кеміттің - ау бағаңды!
Күнде үйден қуасың,
Жазықсыз бала-шағаңды.
Келіспейді, Шолақбай,
Бұрқырап жүру таң атпай,
Қор қылады сол арақ,
Бар-жоғыңа қаратпай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шолақбай өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Шолақбай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шолақбай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шолақбай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері