Өлең, жыр, ақындар

Қамырбаев пен қара шыбын

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1724
Денсаулық бөлім бастығы Қамырбаев,
Қағазын күндегіден қалың жайып,
Отырған бір кезі еді,
Жалғыз ғана өзі еді,
Түгінен майы шығып қанатының,
Түксиіп, едірейген қара шыбын:
— Сәлем,— деді,— Бәке.
Қолыңызды әке.
Бақтыңыз, қақтыңыз,
Жазда салқын,
Қыста жылы орын таптыңыз.
Көбейдік, мыңғырдық, өстік.
Барынша бөстік...
Тілесек асхана,
Қаласақ басқа да
Табыла берді баспана.
Борсықтай тылтиып,
Торсықтай тырсиып,
Отырған мынау сиқым,
Тамаққа тойып тыңқиып...
Ол жағынан оңдымыз,
Құдайға шүкір, қонды.
Дөңбектей аударылып қара шыбын,
Көзінің жүз құбылтып қарашығын,
Оңды-солды лепірді,
Бөлім бастық жекірді.
— Құрисың ба, жоқ па?
— Ей, жолдас, тоқта!
— Тоқтамаймын,
Кетсең кет,
Шіркей - міркей пәлекет,
Дегенді мен білмеймін,
Көзге де ілмеймін.
— Білесіз, неге күлесіз.
Бірге тұрасыз, бірге жүресіз.
Сөйте тұра қашасыз,
"Жаңалық " ашасыз,
Тыңдаңызшы, Сіз:
Операция жасағанда,
Қожылдап, быжылдап.
Тыным таппай шыжылдап,
Отырмайтын ба ек босағада.
Онда бізді үркітуге,
Қолдарыңыз босаған ба ?!
Ұшамыз, қонамыз, келеміз.
Қонағыңыз боламыз,
Ішеміз, жейміз,
"Бәрекелде " дейміз.
Міне, соған қайта,
Алғысымызды айта,
Келіп едік алдыңызға,
Танымай-ақ қалдыңыз ба ? —
Деп тұрды да күңкілдеп,
Екі мұрты бүлкілдеп,
Тағы да даусын көтерді
Бөлім бастыққа біртіндеп:
— Ал, шыбынның соры,
Сонау тұрған өрмекшінің торы...
Соңғы кезде тор көбейді,
Оған да ешкім, ешнәрсе демейді...
Соны да бір айтқалы,
Дидарласып қайтқалы,
Келіп едік сізге,
Жәрдемдессеңіз бізге! —
Деді де шыбын иілді.
Бастықтың қабағы түйілді,
Кетуге жиылды,
Хатшыға бұйырды:
— Шақыр! — деді машинамды,
Қатты ашуланды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұлдың аты — бұлбұл

  • 0
  • 0

БҰЛБҰЛДЫҢ АБір биік талға,
Қонып алып қарға,
Қанатын сілкіді,
Қарқылдай - қарқылдайТЫ — БҰЛБҰЛ

Толық

Бөкей мен Дөкей

  • 0
  • 0

— Астанадан Дөкей кетті!
Күтіп алсын Бөкей депті.
Абыржып ол сасып қалды,
Кнопканы басып қалды.

Толық

Бұғы мен бұқа

  • 0
  • 0

Дарияға килікті де бір күн бұқа,
Ар жаққа өтпекші боп түсті суға.
Тіл қатты тұрған бугы, сөзі сына:
— Иірімге түспе өлесің, сөзді тыңда! —

Толық

Қарап көріңіз