"Сияқтылар" сияқты – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «"Сияқтылар" сияқты» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2096
Жиын,
Дауыс,
Уда шу.
Қарсы алды жұрт Тұяқты.
Тұяқ шықты мінбеге,
Отырғандар құлақты
Түре қалды, өйткені
Жұлып тастап тымақты
Тұяқ бөсіп кеткелі,
Дайын тұрған сияқты.
По-моему, жолдастар,
Білген жөн ғой ұятты.
Барлығы да түп-түгел,
Қамтамасыз етілген,
По-моему, сияқты.
Қозы түгіл қоңторғай
Еткен жоқпыз лақты,
Мүмкін емес сүріну,
Өтірікпен Тұяқты,
Мені біреу ауданда,
Кеше өлтіре сынапты,
Как будьто бы, шопанның
Былтыр салған үйінің
Төбесінен су ақты, —
Деп айтатын сияқты,
Ондайларды — непуха,
Айтуға да ұятты.
Әр үйдің мен төбесін,
Тұмсығыммен түрткілеп,
Білуім керек сияқты.
Қабырғаға жабысқан,
Әр үйдегі сылақты,
Жалауым керек сияқты.
Ей бөге, бұл чепуха,
По-моему сияқты.
Тағы біреу сүт жоқ деп,
Сыртымыздан сынапты.
Қаймағы бар қалың сүт,
Ала жаздай ауылдан,
Ағытылған бұлақты...
Көрмеу деген менімше,
Барып тұрған көргенсіз,
По-моему, сияқты.
"Етке өткізген малдары,
Көк бақа " деп сынапты,
По-моему, жолдастар,
Бұл да өтірік сияқты.
Өйткені өзім соғымға,
Сойып едім бір атты,
Сере шықты, жолдастар,
Сонда оларға бракты,
Беріп, Тұяқ как будьто
Алдап тұрған сияқты.
Пәлі, тапқан екен ол,
Бессовестный Тұяқты.
Жоқ, жолдастар, бұл Тұяқ,
Олай емес сияқты.
Білімі бар жоғары,
Ақылы бар тұрақты,
По-моему, сияқты.
Тура отыз жыл істеген
Тарлан ағаң сияқты,
Опыт десең опыт бар,
Қоқырайтқан тымақты
Біреу екен демеңдер,
Наменклатураға ілінген
Түңлікбайұлы Тұяқты! —
Байқау керек, жолдастар,
Білу керек ұятты! —
Деп мінбеден түсті де,
Қолына алды тымақты,
"Тұяқ па, әлде тымақ па?"
Деген бізге сұрақты,
Қалдырды да жөнелді,
Бір қақты да құлақты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

"Сияқтылар" сияқты өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

"Сияқтылар" сияқты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

"Сияқтылар" сияқты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

"Сияқтылар" сияқты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері