Мезгіл жетті сілкетін – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Мезгіл жетті сілкетін» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1463
I
Жылтыр шеке молданың,
Тырсылдайды десбісі.
Маңырайды олжаның
Байлап берген ешкісі.
Ешкі даусы қақылдап,
Шыққан сайын молдекең:
"Сонша байғұс қақылдап,
Не оқиға болды екен?
Әлде біреу келді ме?
Әлде біреу өлді ме?
Үйге біреу кірді ме?
Ешкі соны көрді ме?"
Асасын бір құлатып,
Етпей онша даңаза!
Көзін жұмып, бір ашып:
"Әссәләто жаназа!"
Дейді - дағы тыңдайды,
Екі көзі есікте.
Сірә жағы тынбайды,
Сырттан дыбыс есітсе.
Селт етеді. Есегі,
Әңгіленсе ақырып.
"Келеді екен" деседі,
"Мені біреу шақырып".
Қара құмған қолында,
Сыртқа шықса молдекең.
Қара күшік соңында
Шәуілдейді, "Ол не екен?"

II
Май қатыпты молданың,
Бүгін ұрт пен мұртына,
Жаңа келді Әлтайдың,
Кеше барып "қырқына",
Сандықтағы сәлдесін
Салып қойған ескіріп.
Орайтынды шығарды,
Кейде молда кешкілік.
"Таста мынау бәлеңді,
Көрген жұрттан ұятты.
Жазда тары қуырған,
Кір былғауыш сияқты!" —
Десе кейбір құрдасы,
Кір сәлдесін тықпалап,
Бөктерінде дорбасы,
Шығып жүрді бұқпалап.

III
Бүгін қатты жыбырлап,
Өндіршегі қышып тұр.
Құлағына сыбырлап,
Көзін біреу қысып тұр...
Қара мысық кірсе де,
Топса кетсе сықырлап,
Сыртта төбет үрсе де,
Біреу келген сықылды - ақ.
"Иманбайдың жетісін,
Түгін қоймай талайды.
Таңдайлары тақылдап,
Підиясын санайды.
Көре қалсаң мөлиіп,
Біздікі: "алла деу ғана".
Басын төмен көп иіп:
"Ептеп теріп жеу ғана".
Дейтін кәрі сілімтік,
Арамызда бар әлі.
Тозған ескі өлімтік,
Бізбен қайда барады?
Осыны бір ойланып,
"Өйтетін де, бүйтетін" —
Алдаушыны қолға алып,
Мезгіл жетті сілкетін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезгіл жетті сілкетін өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Мезгіл жетті сілкетін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезгіл жетті сілкетін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезгіл жетті сілкетін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері