Бұл бетте «Оқып жүрген жастарға» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үмітпенен жоқ қуған
Үмітпенен жоқ қуған
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда,
Біздер қайтіп қаламыз.
Тәуекелге бел бусақ,
Көрдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ бәрін шаламыз.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын саламыз.
Сұмдар салған жүректе
Аз ба біздің жарамыз?
Тепкісінде басқаның,
Қор боп жүдеп барамыз.
Көріне көзге азапта
Мәңгі қайтіп қаламыз?
Ойыңды енді азат қыл
Қалсын былай балалық.
айжана 006
Өте керемет өлеңдер
Ұлмекен
Күшті маған қатты ұнады
Айзере
Керемет
Айгерім
Маған түк ұнамады осы үшін мен екі алдым сабақтан
Гүлназым❤️
Супет
Ардана
Өте күшті
Жанар Б.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Оқып жүрген жастарға» өлеңін оқып шығып, қатты толғандым! 🔥
Өте күшті және өзекті өлең. «Үмітпенен жоқ қуған, талабы алда баламыз» деген жолдары әрбір оқып жүрген жастың жүрегіне жетеді. Біз тек үмітпен отырмай, тәуекел етіп, білім алып, бірлесіп іс істеуіміз керектігін тамаша ескертеді.
Қазіргі жастарға, студенттерге және мектеп оқушыларына өте пайдалы шығарма. Сұлтанмахмұт ағаның сөзі әлі күнге дейін рух береді.
Осындай мотивациялық өлеңдерді көбірек оқып, жастарға тарату керек. Bilim-all.kz сайтына рахмет, классикалық өлеңдерді сақтап отырғаны үшін! ❤️