Шіркін келін – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Шіркін келін» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3364
Өтесің - ау, осылай шіркін келін,
Бір күн басың ауырып, бір күн белің.
Ши тірсегің сидиып шыбыртқыдай,
Таусылмай-ақ бара жатыр зіркілдегің.
Темір тарақ шашыңнан түк қоймапты,
Айналдырған осы еді бір тірнегің.
Үсті-үстіне темекі тарта - тарта,
Әндіршегің сорайып, гүркілдедің.
Күйеуіңді, өзіңді күтсең қайтеді,
Есіткенше сөзімді бүйтіп менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері