Мығымбай
Бұл бетте «Мығымбай» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мығымбай десе мығымбай,
Араққа тыққан тығындай.
Қойып қалса түбіне,
Ұшқалы тұрған шыбындай.
Шығатын күнің бола ма,
Жұмыс десе тығылмай,
Тамақ көрсең қалмайсың,
Өліп-өшіп суғынбай.
Арақ ішсең біржола,
Тоқтамайсың жығылмай
Елуге жасың жеткенше,
Ақылды жүрсің ұғынбай,
Бүйте берсең бұрынғы,
Бола алмассың Мығымбай...
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі