Өсекшілерге – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Өсекшілерге» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3720
— Ой, аллай жұрттың сақта өсегінен,
Айтатын тұрмай жатып төсегінен,
Үндемей құлағыңды түре берсең,
Артатын бүгінгісі кешегіден.
Сылп етіп сыртқы езулер бір тамсанып,
Тұмсығын сүртіп қойып етегімен,
Сораптап шайды алдына қойып алып,
Боралап нанды шайнап кесегімен.
Абысын-ажындарын жинап алып,
Сөз бастап үйреншікті "көтегі"мен,
"Қой құрсын, көтек!" деген әдеттегі,
Өзінің ескі қалып есебімен,
Бір күнді шығарып сап отырады,
Желпілдеп жел өкпенің жетегімен.
Біреуді біреуге әкеп шағыстырып,
Ауыртып өсекшінің кеселімен,
Тартады кежегеңнен кейін қарай:
— Осы еді, есіткенім осы еді мен...
Анығын білмей ерме осындайға,
Орынсыз несі жақсы өсек ілген?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өсекшілерге өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Өсекшілерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өсекшілерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өсекшілерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері