Өлең, жыр, ақындар

Қызыл тұмсық Қызылбай

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2450
Қызылбайды жұрт "қызыл тұмсық" дейді,
Барып тұрған қырсық дейді.
Үлкендігі бармақтай,
Ілгірлігі қармақтай.
Өзінің ішкі тәртібі күшті,
Бір көзін ашып, бір көзін қысты.
Оң көзін қысса "аламын " дегені.
Сол көзін қысса "алады " дегені.
Ол істемеген жер жоқ,
Оны білмейтін ел жоқ,
Бір кезде сельпоның бастығы болды,
Анығын айтқанда "ауылдың қасқыры " болды.
Темірді қамырдай шайнады,
Өзбекше айтқанда:
"Шеңгел басына сорпа қайнады ".
Есігінің алдында "Волга " байланды.
"Туыс, жекжат " дегендер ұршығынан айналды.
Қызылбай енді "борсық " атанды.
Біреулер оны "қызыл торсық " атайды.
Бір күні: "торсық " торс етіп жарылды,
Қызметінен қуылып, орнынан алынды.
"Өледі" деді білетіндер,
Сыртынан күндеп жүретіндер.
...Күн деген сөйтіп өтіп жатты,
Қызылбай өлмеді, бөсіп жатты.
Қайта айналып базға келіпті,
Маймұрын оны базда көріпті.
"Өледі" деген жігітің...
Өгіз мініп келеді десті.
Бұрынғы қызметінен есті,
Сельподан қуылып, базға көшті,
Баздың басы "базарға " айналды,
Қызылбайдың мұрты қайта майланды,
Қонақтан қонаққа көшті,
Қызылбай сөйтіп қайтадан бөсті,
Қашанғы тұрсын бастағы бақыт,
Теуіп, тарпып тастады уақыт,
Қызылбай бір күн тағы жарылды.
Қызметінен босап, орнынан алынды.
"Енді өлген шығар " деді білгіштер,
Сыртынан күндеп күлгіштер.
Бірақ өлетін емес Қызылбай,
Бес-алты күн қызыл май,
Болғаны болмаса, қайтадан сілкінді,
Бұрынғыдан да кеңірек ашты құлқынды,
Аудандық тұтыну қоғамына көшті,
Төмендеудің орнына жоғары өсті,
"Өледі" деген жігітің...
Өгізбен емес, жорғамен келеді.
Жорға емес тіпті "Волгамен " келеді,
Мықынын таянып, мұртынан күледі,
Қызылбайды жұрт сиқынан біледі,
Өзгеріс жоқ бұрынғы сиқы,
Баяғы күлкі, баяғы ұйқы.
Ойнағаны күліс, баяғы құлқы,
Аздап жақ жағы солайын депті,
Аздап қарны көтеріліп,
Жүкті келіншек толайын депті...
Сөйтіп "өледі" десең өлмейтін,
Атанды мықты Қызылбай,
Ажалыңа да көнбейтін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлду-сұлду

  • 0
  • 0

Шәлдірбайға Мәлдірбай
Айтып отыр қалдырмай:
"Тоест "... дей қалса Шәлдірбай,
Түсінбей қалып Мәлдірбай:

Толық

Оң тірсекке соғып жүр сол тірсегі

  • 0
  • 0

Күйгенше ішіп арақты өндіршегі,
Зор мәртебе деп жүр ғой ол бір тегі.
Өндіршегін өртетіп, өле ішкеннен,
Бір тиындық бір нәрсе өндірсе еді.

Толық

Құлады да сұлады

  • 0
  • 0

Құлан иек таң атты,
Ертеңгі асқа отырды.
Тауысты екі салатты,
Бітірді бір литрді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер