Содырларға бір сойқан – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Содырларға бір сойқан» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1586
— О, қайдасың, Бәти - ау,
— Не боп қалды апырау?
— Госконтроль — бақылау,
Тексеретін болыпты.
Соны айтамын, қатын - ау.
— "Қос кантроль " дейсің,
Қайдан кепті бәтір - ау.
— Содырларға бір сойқан,
Төніп келе жатыр-ау.
Қауіп-қатер бізге де,
Байқауымша жақын - ау...
— Қайдағыны айтпа,
Айналайын қатын - ау.
Алсақ ақша төлесек,
Көзбен көріп тұрсақ та,
Мынауың не демесек.
Бізде олардың несі бар,
Бір адамға көрсетіп,
Жарты көпек жемесек.
— Үй тұрғанда осынау,
Көк шифрлы екі дәу...
Мүмкін емес шошымау...
Алар айлық елу сом,
Белгілі ғой дос - ау...
— Алсақ адал пұлға алдық,
Бухгалтермен бірге алдық.
Ала-бөле сол үшін,
Боламыз ба құрбандық.
— Болмай көрші құрбандық,
Қай нәрседен құр қалдық.
Бір зат келсе бірге алдық.
Кейінірек бір есеп,
Істерміз деп ұйғардық.
Әсіресе сен иттің,
Кесіріңнен былғандық.
— Не дейді ойбай, бетім - ау,
Еркек шіркін қатынды,
Қаралауға жетік - ау.
Ашып айтшы ысқырмай,
Қара басқан кетік - ау
— Ашып айтсақ анығын:
"Сервант кепті" деп келесің,
Алма десем жек көресің.
Оны алып бір дем алғанда,
Бұлан-талан боп келесің.
— О немене ?
— Гарнитур.
Алып келдім үйде тұр.
— Ақша қайда?
— Ақша байда...
Деп айқайды саласың кеп,
"Өлсең де тез аласың " деп.
Ертеңіне "трюмо " деп,
Айна да жоқ бұл үйде " деп,
Қиратасың қиқу салып,
"Оңбаған шорт, жүр үйге"деп.
"Гардироб бір, шкаф дейсің,
Алмасам түк істетпейсің.
Сақалымды талдап жұлып,
Мұрт байғұсты іскектейсің.
Шаң жұтқыш, бір стираль...де
Қыр соңыма түстің: "ал!" деп,
"Үй сыпырар дәрменім жоқ,
Кір жуатын бұрынғыдай,
Жалаң қағып тұрғаным жоқ... "
Деп қоймадың, алдық босын.
Шығын болды ол да тосын.
"Дорожка мен диван " дедің,
"Ақырғы рет қинал " дедің.
Оны алып ем "кілем " дедің,
"Үй жағалай ілем " дедің.
Алмаймын - ақ деп ойлап ем,
Күні-түні дігерледің.
Мың өлдім ғой, бір өлмедім...
Ар-ұятты сатсақ - тағы,
Қарызға әбден батсақ - тағы
Амал бар ма көніп қалдық,
Акті жасап ақша орнына,
Қағазды үйіп-төгіп салдық.
Енді мынау, бір-ақ сұрау,
Алдымызда дайын тұр-ау.
"Атқарыпсың үлкен роль,
Мейлің мың өл, мейлің бір өл...
Жауабын бер халық алдында ",
Деп шындықтың ашты бетін
Партиялық Госконтроль.
Әкеміздің малындай - ақ,
Мол дүниені кешіп едік,
Өзімізге түк обал жоқ,
Бетімізбен кетіп едік...
Қош аман бол, қош аман бол,
Қатын, саған айтарым сол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Содырларға бір сойқан өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Содырларға бір сойқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Содырларға бір сойқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Содырларға бір сойқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері