Байланысшылардың құлағына "күміс сырға" – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Байланысшылардың құлағына "күміс сырға"» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1890
Әлде біреумен танысқың келсе,
Сөзбен біреуді шанышқың келсе,
Эфир үстінде сөгіс есітіп,
Көрмей - білмей алысқың келсе:
Телефонды алып сөйлесіп көр.
Танысыңды шақырсаң,
Танымасаң киліккен,
Қып-қызыл дауға басың іліккен
Ұрысатын бұрынғыдай қыздар жоқ,
Қанша дірілдесең де,
Қанша дүрілдесең де,
Сөзіңде ызғар жоқ
Осындайды көргің келсе,
Бітпес дауға кіргің келсе,
Телефонды алып сөйлесіп көр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері