Қалғандардың құлағына "қола сырға"

Бұл бетте «Қалғандардың құлағына "қола сырға"» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1881
Кейде газың, кейде суың болмай,
Кейде жылу берген буың болмай,
Кейде жарығың лып етіп,
Қараңғылық сып етіп,
Үйіңе бірден кіріп келеді.
Қысылатын жеріңді біліп келеді.
Осы қызықты көргің келсе,
Телефонды алып звонит eді:
Газ деп сұрасаң суға тірелесің,
Су деп сұрасаң буға тірелесің,
Жарық деген жарық болмай,
Екі ортада тірі өлесің,
Тіпті болмаған соң:
Домуправқа жүгіресің,
Онан да түңілесің,
Есіктен есік қағасың,
Алпыс үйді айналып,
Жетпісінші үйден табасың.
Оларда бірақ телефон болмайды,
Бола қойса трубканы алмайды,
Құлақ та салмайды
Ала қойса алдайды:
— Бастықтар қайда ? —
— Объектіде...
Мұны бір де
— Инженер қайда?
— Горсоветке кетті —
Басқалары ше?
Обедке кетті
Мұны екі де,
Шаршайсың шашыласың,
Іздеуден жалығасың.
Жатып алып ойлайсың,
Ойыңмен тойлайсың:
Біреудің үйін жөндеп жатады,
Біреудің үйін жөндеп жатады
Он жылдан бері ремонт көрмеген
Тозған үйлер күндеп жатады.
Мусор дегендер төгіліп жатады,
Қабырғасы сөгіліп жатады.
Қағаз ба, жүн бе, жұрқа ма —
Әйтеуір құрғыр көміліп жатады
Сонымен сөйтіп,
Үйтіп-бүйтіп,
Майда-шүйде жұмыспен,
Уақыт өтіп жатады,
Ілгері зырғып кетіп жатады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалғандардың құлағына "қола сырға" өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Қалғандардың құлағына "қола сырға" өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалғандардың құлағына "қола сырға" өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалғандардың құлағына "қола сырға" өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері