Өлең, жыр, ақындар

Ильич

  • 09.04.2019
  • 0
  • 1
  • 8779
Поэма
I. Ғасырлар перзенті
I

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса, паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.
Ғасырлар - Әкелер
Сенімді мұрагер көрмеген.
Бостандық, Бақытты әперер
Перзентке зәру боп шөлдеген.
Ғасырлар - Аналар
Сан рет босанып, толғатқан.
Ол туған бейбастақ балалар
Өмірге қамшысын ойнатқан.
Сен туған қайсыбір балалар,
Өзіңді шаштан ап сабаған.
Ғасырлар, Ғасырлар - Аналар,
Ол сенің садағаң...
Ол сенің садағаң.
Оларға толғатпа!
Төсінде шыр еткен жаңадан
Волгалық сәбиді ардақта!

II
Көктемде,
Бойында Волганың.
Кім еді шыр еткен нәресте?
Дүние сездің бе? Ол - жаның,
Ол - сенің жүрегің емес пе?
Дүние, сезбедің, сезбедің
Шыр еткен шып-ширақ бөбекті.
Дүние, бұл сенің өз демің
Әлемге ауадай керекті.
- Армысың, Перзентім.
Ай маңдай Аңсап ем.
Өмірге келдің бе?
Алаңсыз ойыңа қайғы алмай
Өсе бер, өсе бер! - дедің бе? Демедің!
Қалғыдың қалпыңша қарт өмір
Жалаңаш нәресте келгенін
Самарқау қабылдап, әйтеуір...
Қалғыма қарт өмір Шерменде!
Кім сені қамаған бұғаулап?
Төсіңе ұлы Адам келгенде
Орныңнан тұр аунап!

III
Волгалық ер Ана сабырлы,
Ғасырлар перзентін әпердің.
Замана дерттенді, ауырды,
Сен оған дәрігер әкелдің.
Сен оны орама жөргекке,
Күнге ұста. Күн одан нұр алсын!
Күн оны шуақ қып жер-көкке
Әлемнің төріне шығарсын. Ей, Ана!
Сезесің сен нені?
Сен тудың ғасырлар намысын.
Паш еткін! Адамды жердегі!
Аспанның Ай, Күні танысын!
Сен оны бос ұста шуақта,
Дүние тұтқасын танысын!
Жыласа жыласын! Жұбатпа!
Жыласын адамзат бағы үшін.
Сен оны әлдилеп, тербетпе,
Жер оның бесігі, қорғаны. Одан да:
- Тезірек ержет, - де,
Тезірек ержетсе болғаны.
Әлдилеп бесік жыр шырқама,
Халқының мұң-зарын тыңдасын.
Жергөкте шамдана, бұрқана,
Кішкентай күрескер туласын!
Алып жер — адамның бесігі
Тербесін сәбиін, тербесін.
Адамзат бақыты, несібі Абайла!
Төгіле көрмесін.
Адамзат мұң-зары - көк теңіз
Сол сабыр. Көзінде селдетсін.
Толқынға жем болып кетпеңіз.
Сәл сабыр Күрескер ержетсін.
...Ойрандап көк жүзін, жер бетін,
Дүние арпалыс жатқан бір. Ер Ана!
Ғасырлар перзентін Майданға аттандыр!
Қарт өмір, қатыбас!
Қанеки, орныңнан тұр аунап.
Қан майдан басталмақ.
Сен оған қатынас!
Бас көтер, емессің тірі әруақ!
Шіріген замана ашқарақ
Қалай тұр қалтырап, дірілдеп?!
Бұл күрес сондықтан басқарақ,
Өлгендер қару ап тірілмек!
Бұл майдан, бұл күрес тым басқа
Алысар адамдар қанжоса.
Халықтар күресті тыймас та,
Қалаған арманы болмаса.
Көтеріл жиекке, күрес,
Күн, Сапырып кек-ыза арнасын.
Адамзат жүргізген күрестің
Бастаймыз жаңасын, жалғасын!

IV
Жұмыр жер!
Нелерді көрмедің,
Жұмыр жер!
Нелерді білмедің?
Жұмыр жер!
Бусанып өр демің
Бәрібір жасардың, гүлдедің!
Адамдар қашаннан,
Қашаннан,
Азаттық тілеген, аңсаған
Көндіккен, көзіне жас алған.
Күрескен.
Амал не, қаусаған
Азаттық іздеген барша адам.
Олар да күреске ұмтылған
Шоқпар ап, садақ ап, найза алып
Айығып заманның бұлтынан
Кете алды қай халық?
Қай халық жол тапты түнектен?
Қай халық шыдады ойранға?
Батырлар бірінен-бірі өткен,
Мерт болып ең соңғы майданда.
Қай халық шыдады дауылға!
Қай халық өшпеген урандай?
Қулаған Париждық Коммуна,
Аяғын нық басып тура алмай.
Жеңіссіз күрестер өте көп
Қулаған, қираған, күйреген.
Адамның бақытын жетелеп,
Қай халық тарихты сүйреген?
Тұғырда қырандай орныққан,
Халыққа басымды иемін.
Орысты сүйемін сондықтан,
Орысты сүйемін! Ол - дана
Ол - кәрі. Ол жасаң
Онымен бір әке, бір ана.
Ұлы орыс!
Егер сен болмасаң
Ленин жоқ еді, сірә да...

V
...Дүние дүрбелең, дүрбелең
Басталды ең соңғы зор майдан.
Кейбіреу түсініп, білмеген,
Бастарын қорғауға қол қойған.
Ал кейбір саяси мешелдер
Күрестен күйзеліп, бас тартты.
Боратып өсектер, кеселдер,
Бұрышта бұғып қап, тас та атты.
Біреулер сығалап жабықтан.
Аятын оқиды жаттанды.
Алысқан ашулы халықтан
Аулада қандендей сақтанды.
Әзәзіл диюлар, сайтандар,
Халықтың ішіне от жақты. Ақымақ!
Саяси сайқалдар! Оттапты!
Қару ап жұмысшы, шаруа
Күрестің арнасын тасытты
Ентелеп ертеңгі бағына
Жетуге асықты.
...Ескі өмір, жығылған палуандай,
Құлады, қарманды, ұмтылды.
Жаңа өмір жаршысы
Ай мақтай Волгалық ұл тұрды.
Жағымпаз судья-сүмелек
Ескіні сүйейді, демейді.
"Онсыз ел жүдемек?" Дей ме өзі?
Жеңілген, күйреген даңқты Лақтыр!
Рингтен лақтыр!
...Ойлантқан, толғантқан халықты
Бір ғана сұрақ тұр...

VI
Мінбеде көпіре, шарқ ұра,
Бір шешен лақап тастады:
"Жоқ бізде саяси партия
Білмеймін басқаны.
Жоқ бізде саяси партия,
Өкімет басында туратын.
Ие боп халқына, даңқына,
Билік ап, салтанат қуратын".
Ашулы, айбынды жүректен
Құдіретті үн шықты.
Жай оты жалт беріп түнектен,
Қара бұлт жалп етіп, тұншықты.
"Бар ондай партия біздерде!
Мемлекет тізгінін алатын.
Бар ондай партия біздерде!
Мәңгілік ие боп қалатын!"
Бір адам мінбеге ұмтылды,
Ұшатын қырандай қомданып.
Ғасырлар аңсаған ұл тұрды,
Ұл тұрды Волгалық!
Көр көңіл саяси жалдаптар,
Кет былай мінбеден! Кіріспе!
Революцияны ардақтар
Сөз бергін Ильичке!
Ғасырлар - Аналар!
Өмірге әкелдің қанша адам.
Өзіңнің бойыңа бара-бар
Ұл осы аңсаған.
Ғасырлар - Аналар!
Таппап ең таяныш, мұрагер.
Жұлдызың - Волгалық бала бар.
Мәңгілік көтер де тұра бер.
Талайды тауысып, ғасырлар,
Талайды өмірге бергесің.
Өлсе де болаттар, асылдар,
Волгалық перзентің өлмесін!
Ғасырлар!
Ол - сенің борышың,
Ол - сенің несібің.
Ғасырлар!
Қадірле сол үшін
Волгалық перзенттің есімін!
Уақытын ұрлап ап жер-көктің
Ғасырлар, алмаса жатарсың.
Әр ғасыр Волгалық перзенттің
Атымен аталсын!!!

VII
Бәлки, күн сөнуі, өшуі,
Бір өмір мәңгілік жасамас...
Ал бірақ Ильичтің есімі
Өшпейтін уақытпен аталас.
Мүмкін-ау.
Мәңгілік Күн батпас,
Мүмкін-ау.
Жер мәңгі көгерер...
Ұлы есім солармен сымбаттас,
Соларға теңелер.
Бәлки, ай біздерге табынар.
(Күн сайын жол тартып тұратын)
Онда да бір ақын табылар,
Ильич деп бастайтын жыр атын...
Сенбеймін.
Күн біздің сөнбейді!
Күн бізді мәңгілік асырар.
Уақыт... Уақыт өлмейді
Ендеше Ленин ғасырлар!
Өзгермей, бүлінбей келбеті,
Қара Жер қалпында тұрса егер,
Өлді деп ғасырлар перзенті
Жұмыр жер бетінде кім сенер?

2. Жыр жалғасы
"Шушада, Саян тауы бөктерінде"
В.И.Лениннің аяқталмаған өлеңінен.
Пролог

Жер төсінде керуенін шұбалтып,
Өмір көшіп барады.
Селеу жапқан ескі жұрттай мұнартып,
Көп нәрсе өшіп қалады.
Қазы уақыт барлығын да екшейді,
Барлығын да ол болжаған.
Бірі жаңа, бірі ескіні көксейді,
Әлек болып сонда адам.
Уақыт қой өлтірген де, өсірген,
Кімді тапап, кімді ап шыққан жарыққа
Кімді жазып, кімді сызып өшірген,
Қазы уақыт - редактор тарихқа.
Аңызы боп халықтың,
Кімдер жатыр екі өліп,
Уақыт - карт қателігін тарихтың
Қарап отыр, арагідік жөтеліп...
Он тоғызыншы алтын ғасыр,
Азабынан арылып,
Амалсыз жер жастанды
Дауыл қуған жалындай,
Біздің ғасыр "Ленин!" деп басталды.
"Бар ондай партия біздерде!
Мемлекет тізгінін алатын.
Бар ондай партия біздерде!
Мәңгілік ие боп қалатын!"
Бір адам мінбеге ұмтылды,
Ұшатын қырандай қомданып.
Ғасырлар аңсаған ұл тұрды,
Ұл тұрды Волгалық!
Көр көңіл саяси жалдаптар,
Кет былай мінбеден! Кіріспе!
Революцияны ардақтар
Сөз бергін Ильичке!
Ғасырлар - Аналар!
Өмірге әкелдің қанша адам.
Өзіңнің бойыңа бара-бар
Ұл осы аңсаған.
Ғасырлар - Аналар!
Таппап ең таяныш, мұрагер.
Жұлдызың - Волгалық бала бар.
Мәңгілік көтер де тұра бер.
Талайды тауысып, ғасырлар,
Талайды өмірге бергесің.
Өлсе де болаттар, асылдар,
Волгалық перзентің өлмесін!
Ғасырлар!
Ол - сенің борышың,
Ол - сенің несібің.
Ғасырлар!
Қадірле сол үшін
Волгалық перзенттің есімін!
Уақытын ұрлап ап жер-көктің
Ғасырлар, алмаса жатарсың.
Әр ғасыр Волгалық перзенттің
Атымен аталсын!!!

VII
Бәлки, күн сөнуі, өшуі,
Бір өмір мәңгілік жасамас...
Ал бірақ Ильичтің есімі
Өшпейтін уақытпен аталас.
Мүмкін-ау.
Мәңгілік Күн батпас,
Мүмкін-ау.
Жер мәңгі көгерер...
Ұлы есім солармен сымбаттас,
Соларға теңелер.
Бәлки, ай біздерге табынар.
(Күн сайын жол тартып тұратын)
Онда да бір ақын табылар,
Ильич деп бастайтын жыр атын...
Сенбеймін.
Күн біздің сөнбейді!
Күн бізді мәңгілік асырар.
Уақыт...
Уақыт өлмейді
Ендеше Ленин ғасырлар!
Өзгермей, бүлінбей келбеті,
Қара Жер қалпында тұрса егер,
Өлді деп ғасырлар перзенті
Жұмыр жер бетінде кім сенер?

2. Жыр жалғасы
"Шушада, Саян тауы бөктерінде" В.И.Лениннің аяқталмаған өлеңінен.
Пролог

Жер төсінде керуенін шұбалтып,
Өмір көшіп барады.
Селеу жапқан ескі жұрттай мұнартып,
Көп нәрсе өшіп қалады.
Қазы уақыт барлығып да екшейді,
Барлығын да ол болжаған.
Бірі жаңа, бірі ескіні көксейді,
Әлек болып сонда адам.
Уақыт қой өлтірген де, өсірген,
Кімді тапап, кімді ап шыққан жарыққа
Кімді жазып, кімді сызып өшірген,
Қазы уақыт - редактор тарихқа.
Аңызы боп халықтың,
Кімдер жатыр екі өліп,
Уақыт - карт қателігін тарихтың
Қарап отыр, арагідік жөтеліп...
Он тоғызыншы алтын ғасыр,
Азабынан арылып,
Амалсыз жер жастанды
Дауыл қуған жалындай,
Біздің ғасыр "Ленин!" деп басталды.
Араласып от пен кек,
Арпалысты бар дүние, ашынды
Бара жатты ол Саян тауын бөктерлеп,
Жетектеп ап жиырмасыншы ғасырды.
Жаңа ғасыр жаңа шеру туралы тартты бір
Жаңа жолға аттанды.
Мәңгілікке тұтқын етіп қарт
Сібір Қарт ғасырды ап қалды.
Жер бетінде керуенін шұбатып,
Өтсін өмір. Келсін жаңа адам да.
Білсін олар жүрдік бір кез жүк артып,
Тарпаң, тағы заманда.
Тулағанмен ете алмады ол тас-талқан
Біздің ғасыр арбасын.
Қазы уақыт "Ленин" деп басталған,
Тарихтың өзі жазар жалғасын...

I
Айналаң кіл жасыл мақпал,
Ақша бұлтың шашың жапқан,
Ата Сібір сен бе едің?
Азап өмір қосын тартқан,
Тек күрестен досын тапқан
Перзентіңді қарсы алуға келмедің.
Енесейдей боларсың ба?
(Енесейге рақмет, қарсы алды).
Ал тәкәппар Саян тауы
Суыт жүрген жолаушыға
Неге сонша тамсанды?
Кісендерін сылдыратып,
Декабрьдің құрбандары өткенде,
Қарт көзін ол бұлдыратып,
Қарағаны ұмыт болып кеткен бе?
Мүмкін жаны кекті болар
Құса шықпай көңілінен.
Кетті олар. Өтті олар,
Келем, міне, енді мен.
Қатал Сібір! Есіңде ме,
Қабақ шытып қарағаның?
Есіңде ме,
Құрбан болған балаларың?
Қойының толы байлығыңнан
Неге оларға қимадың?
...Азап шеккен қайғы мұңнан
Ұлдарыңның өлімтігін жинадың.
Неге оларға бермедің,
Байлығыңның жартысын?
Ата Сібір сен бе едің,
Ата Сібір, армысың?

II
Зыряновтың лашығы,
Төрт орындық, бір стол.
Алда карта тұр ашулы
Әзірге тек жұмыс - сол.
Уақыттар...
Уақыттар өтуде
(Жаңа қоныс болса игі еді құт мекен).
Россия картасының бетінде
Шуша титтей нүкте екен.
Ой хой, тағдыр!
Қайда әкеліп тастаған?
Туған жерден тым жырақ,
Отырды да, сол жабықты жақсы адам,
Сәл жабықты тұнжырап.
Питердейін Ордасы да күрестің
Бір қиырда қалыпты.
Ести ме екен, біле ме екен мұны ешкім?
Жауыз тағдыр жас адамды налытты...
Зыряновтың лашығы.
Төрт орындық, бір стол
Ульянов әлденеге ашулы,
Қандай іске кірісті ол?!
Толғантты ойлар жас жанды,
Ойды отыр ол түгендеп.
"Капитализм дамуы" деп басталды
Айдаудағы ұлы еңбек.
Капитализм Россия төсінде
Қазып жатыр өз көрін.
Қалтырап тұр өшуге
Өзі бітеп өз демін...
Уақыттар... Уақыттар өтуде
Бірін-бірі қуалап.
Ақ қағаздың - ақ майданның бетінде
Жауынгер ой атой салды уралап.
Россия - жерік Ана
Ауырды әлде толғатты.
Әзер-әзер демін ала,
Өзегінде бір ғаламат боп жатты.
...Күндер, айлар өтті арада
Уақытты реттеп.
Ульянов дертті Анаға
Жазып отыр рецепт.
Россия - Ульянов.
Бірі - Анасы, бірі - ұлы,
(Бір-бірінсіз жоқ күні).
Екеуі де бірге суып, жылынды.
Бірге көрді соққыны.
Екеуі де отқа бірге күюде,
Екеуі де ескі өмірмен алысты.
Шушадағы Зыряновтың үйінде
Міне, тағы табысты.
...Түн жарымы өтті де,
Мақпалменен тұмшалады
Сібірді Ульянов ойға шомып кетті ме,
Неге жазбай кідірді?!
Емін-еркін көсіліп,
Ұйықтап кетті қаламы,
Ульянов үнсіз отыр тесіліп,
Ұшқын атып жанары.
...Дегенменен жас адамға
Жалғыз қалу қиын-ақ.
Көңіл ұқсап қашағанға,
Зытты үмітті жиып ап.
Ана!
Ана жалғыз жанашырың
Анамен кім теңеспек?
Кейпі ғазиз Анасының
Өтті бір сәт елестеп.
Экран ғой көңіл деген
Барлық ойды өткізуде біртіндеп.
Уайымға берілмеген
Надя тұрды күлімдеп.
Сүйдің бе? - деп сұрағанға
Жоқ, - деп айту бір айып.
Жас адамға, ұлы адамға
Жар сүю де лайық.
Надежданы шақыртпаққа жанына
Ойлап еді анада.
Ойын үзіп, қалам алды ол тағы да,
Көңіл сырын ашпақшы боп Надяға.
Кейде жарқын, кейде тұйық жат елес.
Көңіл, көңіл...
Көңіл неткен адуын.
Жалғады ол, тек
Надяға хат емес,
Құрып кеткір капиталдың дамуын...

III
- Күні-түні бітпейді екен жұмысың,
Күні-түні отырғаның телміріп,
Кеттік, әйда, туысым,
Жүр орманға, бой жазайық сергілік.
Үлгірерсің көп қой әлі уақытың
Бу Сібірдің күні-түні, таңы аз ба?
Тасташы әрі, қалса дағы бақытың
Осы ала қағазда!
Жазғаныңмен мың сан арыз, мың сәлем
Патша ағзам босатпайды,
Текке кетер үмітің.
Кеттік әйда!
Танысып қайт Шушамен,
Кеттік әйда, жігітім.
Ауру адам тамырындай тым баяу
Жалқау Шуша «әзерге ағып барады.
Жас жапырақ бірде қалғып, бірде ояу,
Аймалайды жағаны.
Дамыл таппай, тобын жазбай, ән салып,
Маса, шіркей, құстар біткен жүр ұшып.
Ұзын тұмсық көкқұтан да тамсанып,
Жағада отыр құнысып.
Ақ шағала сызып өтіп су бетін
Бар өнерін көрсетіп жүр қайталап.
Көргісі кеп көкжиектің суретін
Шошып түсті күміс карын май шабақ
Ақ жаулығын сыпырып ап Шушаның
Тәлкек етіп тұр сағым.
Ульянов әлдеқандай ойда отыр
Аясында бәкене өскен шыршаның.
Бір карт келді Алқам-салқам киінген.
Белі еріксіз кәрілікке иілген.
Қарт Сібірмен түйдей құрдас, тетелес
Күңіреніп жағада тур диірмен.
Қарт саусағы сала-сала
Тамырындай еменнің,
- Есен бе, ұлым, бала-шаға,
Неге отырсың, не көрдің?
Сақалыңа баласам,
Сібірлік пе деп қалам.
Ал өзіңе қарасам,
Жүзіңді күн қақпаған...
- Мені осы Шушаның
Біледі ғой бәрі де,
Өзің ойлап біл, шалым,
Ойлап көрші әлі де.
- Мені де осы Шушаның
Білуші еді бәрі де.
Бунтарь ұлдың бірі ме деп тұр шалың,
Ұшыраған патша ағзам кәріне.
- Солайды, әке, солайды,
Жасырар сізден сыр бар ма?
Бунтарь болмай болмайды
Патша ағзам тұрғанда...
Бар әңгіме осыменен тынғандай,
Бишара қарт біраз кейіп отырды.
Дәл төбеде Исус қарап тұрғандай,
Шошыды карт.
Шошыды да, шоқынды:
- Тәңірім-ай, қайтпексің бұл халықты.
Өзіңді де танудан жұрт қалыпты.
Жұмыр басты пенделерің жынданып,
Барса келмес тамұққа бет алыпты. -
Деді де қарт кете барды жолымен
Пәтуәсіз шым-шытырық бір ойда,
Бірге ілесіп бара жатты онымен
Патша да, пайғамбар да, құдай да.
...Аптап, азап... жиып алып бәрісін
Қонағына күн кетті.
Ойы уланған адамзаттың бәрі үшін
Ульянов ойлануға міндетті.
Патшадан да, құдайдан да,
Соққы көрген халықты
Құтқаруға күш керек...
Қандай шара істемек?!
Ауру адам тамырындай қыбырлап,
Жалқау Шуша әзер-әзер ағады.
Жел тайгаға, тайға желге сыбырлап,
Сібір қалғып барады.
Алма-кезек әнге басты басқа да,
Жамырады ымырт та.
...Халқың жатса қара түнек қапада,
Хақың да жоқ қуануға, ұмытпа!
Аптап, азап...
Жиып алып бәрісін
Ауыр жүгін арқалаған түн жетті.
Әлгіндегі ойы уланған шал үшін
Шал үшін де ол ойлануға міндетті.
Аспан ашық.
Соқты міне түнгі ызғар.
Алыста тұр Саян тауы,
Шың құздар.
Жердің бетін тамашалап, қызғанып,
Жабыла бір қарайды кеп жұлдыздар.
Тым ғарышта тұрса дағы өздері
Биік санап қарайды кеп өзгені
Қарай-қарай қайсыбірі төзбеді,
Аппақ нұры ағып түсті көздегі.
Жер мен көктің арасын
Түн жауыпты, Ульянов білмепті.
Бұл өмірдің ағы менен қарасын
Анықтауға, жалықпауға ол міндетті.

IV
Жаңа жыл. Қар аппақ.
Талауратып, талмаусырап күн шықты.
Тиісерге қара таппай жалақтап,
Тентек аяз өз деміне тұншықты.
Ақ қайыңдар қардан алқа тағынып,
Шаттануда шалқайып,
Ата Сібір ақ күпісін жамылып,
Жата кетті жантайып.
Кәрі емендер қарс айрылса шатынап,
Уһлесе атырап,
Жан сауғалап, пана іздейді, зытады
Қоян дейтін ақымақ.
Мылтық даусы...
Кетік ерін құлап түсті тоңқалаң,
(Ұшырады ол алласының көріне).
Қорқақ қоян артық емес сорпадан,
Қорқақтардан сорпа жақсы, әрине...
* * *
Ойлар... Ойлар, сан ойлар
Ойды қуып, күндер өтті, түн де өтті.
Ұлы еңбектің бітуіне талай бар.
Бітіруге міндетті.
Алып Отан азап, сорын арқалап,
Дем алады күрсініп,
Капитализм тырнағынан қанталап,
Дөңбекшиді тіршілік.
Капитализм - сараң бай,
Майға бықты оның қанды шеңгелі,
Дүниені бірақ қылғып алардай,
Өзеурейді өңмеңі.
Ульянов қиялы
Сан тарапқа самғай берді алыстап,
Анықтады ол бүкіл Россияны
Тұл капитал құл етіпті жаныштап.
...Шуша ұйқыда,
Сібір жатыр түс көріп,
Жастық етіп Саянды.
Долы аяз оята алмай тістеніп,
Шатынап бір шорт сынуға таянды.
Ақ мамыққа еркін еніп кете алмай,
Алжасты аяз, кідірді.
Сынып түскен металдай
Сыңғырымен мазалайды Сібірді.
Енисейдің шанағы да шатынап,
Қирап бітті біршама.
Бүкіл Сібір, бүкіл тайга, атырап
Мойнын созып, қарайды кеп Шушаға.
Жалғыз ғана Шушада,
Жалғыз шырақ тұр жанып.
Ұзақ түнді ұзатып сап, мұншама
Отырған кім сұрланып.
Отырған кім бас көтермей іске еніп,
Талмай күтіп таң нұрын?
...Россия ұйықтап жатыр түс көріп
Осы адамға табыс етіп тағдырын.
Таңға жуық. Аяз әлі күшінде.
Саян тауын асып әрі түн кетті.
Ұйқыдағы Россия үшін де
Осы бір жан ұйықтамауға міндетті.
Ел тағдырын арқалаған мұншама
Осы бір жан кім еді?
Талмай соққан Шушада
Ульянов - Россия жүрегі.
...Ертеңгілік, сүттей таза күллі жақ.
Аяз барып әлдеқайда жайғасқан.
Жалғыз ғана терезелер тұр жылап.
Ашық ауа. Айнала аппақ, айна - аспан.
Қыз қайындар үсітіпті екшесін,
Аязбенен асыр салып шалғайда.
Ақ ваннаға малып қойып бөксесін
Отыр село,
Тері шығып маңдайдан.
Шелек алып алма беттер албырап,
Келіншектер бара жатты суатқа,
Маң төбеттер қыңсылайды маужырап,
Болар-болмас шуақта.
Ала канат сауысқан
Ол да өзінше қызықтар,
Бір-біріне бірдеме деп дауыстап,
Үй алдында күйбеңдеп жүр мұжықтар.
Алыс Саян тауларына ой тастап,
Ульянов әлдеқандай тұр ойда.
Бай ауладан жолға шықты ойқастап,
Қоңыраулы тройка. Шүу, тройка!
Бұрқыратты жол үстін,
Айнала қар ақ айдын.
Осынау бір тірлігіне орыстың
Ульянов тамашалап қарайды.
Ортасында осынау бір қоныстың
Қомсынады ол бір өзін.
Буырқанған тройкадай орыстың
Ұнатады ол мінезін.
Дала жатыр оранып ап кебінін
Дала әзірге тұрмастың.
Желпіп өтіп Ульянов көңілін
Жеңіл ғана мұң басты.
"Ана, Надя! Бәрі алыста,
Есен бе екен достарым,
Питер - Сібір...
Жер мен көктің арасы.
Айдан асты, сайтан алғыр поштаның
Кешігуін қарашы...
Тірі адамға сыр ағытар дос керек, Надя, Надя!..
Сен келмесең болмайды.
Егіз өмір секілденіп қос терек
Көктемесе ол - қайғы.
Бес-ақ сөзбен барлық сырын білдірді,
Бес-ақ сөзде бар махаббат уайым.
Бес-ақ сөзбен ойын айтып үлгірді,
"Келші, Надя, болшы менің жұбайым..

3. Аппассионата
Бірінші бөлім
Увертюра

Қаланың еңсесін басты да,
Қалғытты боз тұман астына.
Кешем күз. Пешкова пәтері,
Кешең күз. Октябрь. Москва.
Кешқұрым. Қалт еткен тыным бір.
Әзірге бөлме іші бұлыңғыр.
Ал, қане, Алексей Максимыч,
Әзілмен Ильичті жылындыр.
Көңілсіз отыр ғой әзірге,
Кенелтші Ильичті әзілге.
Көзінің о шетін, бу шетін
Қарашы, торлаған әжімге.
Етті ме дарыған оқ мезі?
Бір түрлі самарқау бопты өзі.
Жабыңқы тәрізді, қарашы,
Жалтылдап тұратын от көзі...
Ильичтей сезімтал жан қайда?!
Қамырық емес-ті ол сарғайма.
Не жатыр екен, о, бұл сәтте
Осынау сократ маңдайда?..
(Бір түрлі самарқау секілді)
Тағы да қандай ой бекінді?!
Япыр-ау, сырқаты Ильичтің
Тағы да мазасын кетірді?!
Өзінен, өзіңнен сыр жиып,
Жаныңа жіберер нұр кұйып.
Жадырап қалатын әп-сәтте,
Жанары неліктен тұңғиық?
Күш-қайрат бойынан тайды ма
Не болды Ильичке, қайғы ма?!
Әлде оған қатыгез кәрілік
Сіңірлі саусағын жайды ма?!
Әлде оны сырқаты меңдеді?!
(Берілген ырқыма көн! - деді)
Әлде оны қажытты, шаршатты.
Әзіргі ауыр хал елдегі?!
Сырқатқа Ильичтің көнгені
- Өмірдің шырағы сөнгені!
Қиындық Ильичті жеңгені
- Бүкіл бір болашақ өлгені!
...Не керек сандырақ, сенбеңдер,
Қауесет-өсекке ермендер!
Әрқайсың Ильичті емдеңдер,
Ильичке денсаулық бер деңдер!
...Қалай деп қараймыз бұл іске,
Әлдебір кездейсоқ күйініш пе?!
Неге Ильич жабырқау, жүдеулі,
Япыр-ау, не болды Ильичке?!
* * *
Өртеніп Антанта өзегі,
Опат боп қираған кезеңі.
От-дауыл шарпыған Отанның
Тыныс ап тұрған бір кезі еді.
Отанды шарпыған от-дауыл,
Саябыр тартқан кез тәп-тәуір.
Сібірде, Кавказда, Шығыста,
Салтанат құрған шақ Октябрь.
Әлемге даңқыңды таныттың,
Октябрь тудырған жарық күн!
Сам жылғы шайқастан дамылдап,
Уһ деген кезі еді халықтың.
Қаланың еңсесін басты да,
Қалғытты боз тұман астына.
Кешең күз. Пешкова пәтері.
Кешқұрым. Октябрь. Москва.
Кешқұрым, қалт еткен тыным бір.
Көп жан жоқ. Бөлме іші бұлыңғыр.
Ал, қане, Алексей Максимыч,
Ильичті әзілмен жылындыр.
Осынау ойшыл жан, дана адам,
Неліктен өзіңді қалаған?
Бәлкім, ол ақжарқын өзіңді,
Өзінен биікке балаган?!
Өмірді жаңартқан, жасаған,
Өзіңе неге үйір осы Адам?
Өзіңнен өтерлік шынайы,
Өмірде жоқ па екен дос оған?!
Ильичке мәңгілік қосылар,
Ильичтің миллион досы бар.
Жазушы, дихан мен жұмысшы,
Тағысын-тағылар - осылар!
Жә, қойдық, соқпалы әр неге
(Бос сөзді, оқушым, сән деме!)
Сол кеште Алексей Максимыч
Ильичке айтты екен әлдене?!
Кім білсін, қос улы Волганың,
Сөз етті орыстың орманын,
Әлде олар қуаныш етті ме,
Шайқаста сол толас болғанын?!
Ерітіп ескі өмір тондарын
Өртеп бір өткенді зор жалын.
Кім білсін, қос ұлы Волганың,
Құттықтап қысысты қолдарын?!
- Россия ауыр сын өткерді.
- Антанта жойылды, өрт сөнді!
Кім білсін, қос ұлы Волганың,
Осылай әңгіме шерткенді?!
Әлде олар бұл дархан өмірде
Мәңгілік жасауға серт берді?!
Белгісіз, білмейміз ол жағын,
Әйтеуір, біздерге сол мәлім
- Азамат соғысы жылдары,
Атқара жүрісіп сырларын,
Сырласқан қос ұлы Волганың.
Әйтеуір, біздерге сол мәлім
Қосылып қос ұлы Волганың,
Русьтің есімін ардактап,
Адамзат өмірін қорғады!
Өртенген дүние күлінен
Ертеңгі қауымды болжады!
Сөз болған жәйттар солдағы...
Тұлпардай тықыршып көрмеде,
Керемет үн-саз тұр бөлмеде.
Бірде ол жүйкеңе нұр құйса,
Бірде ол мұң салар зердеңе. 
Жаныңды жетелеп жарыққа,
Бірде ол ұмтылар шабытқа.
Біресе көңіліңді құлатып,
Әкете жаздайды тамұққа.
Біресе өтініш жалынған,
Біресе кек-ыза қабынған.
Ал кейде өрт пайда болғандай,
Ондағы лаулаған жалыннан.
Бұл не өзі, найзағай, дауыл ма?
Болмаса, нөсерлі жауын ба?!
Болмаса, күреске шақырған,
Ашу ма, уран ба, дабыл ма?!
Болмаса қарғыс па айтылған,
Қатыгез, тоғышар қауымға?!
Мына бір баяулап өткен не?
Мезгілсіз жылысқан көктем бе?
Ал мына әлсіздік немене?
...Өр өмір құлазып кеткен бе?!
- О, өмір, Жан - өмір, нұр - өмір!
Ән - өмір, күй - өмір, жыр - өмір!
Адамға қисашы мың өмір.
О, тағдыр неғылған зұлмат ең!
Өмір-ай, неғылған қымбат ең!
Сағаттар ғасырмен өлшеніп,
Минуттар болсашы жылға тең...
Тыңда, өмір! Аялда, ол, деме!
Санаулы жаралдың сен неге?!
Өтінем, о, сырлы табиғат,
Мәңгілік өмір бер пендеңе!
Дегендей сөйлеп тұр Бетховен
(Дейміз бе өмірі өтті оның?..)
Тыңдашы, Бетховен емес пе,
Осы Аппассионата кек толы?!
Тыңдай бер, ұғынсаң бәрі бар:
Қуаныш, қайғы да табылар,
Тыңдай бер, осы Аппассионата
- Өлмеген Бетховен жаны бар!
Тәкәппар тағдырдың соты да,
Сөнбеген жүректің оты да,
Тыңдашы, тіл бітіп сөйлеп тұр
Осы бір сиқырлы нотада.
Баурап тұр сиқырлы үн есіп,
(Қуаныш, қайғы ма, бу несі?!) 
...Азапты, арманды өмірдің
Бұл - шері, өксігі, күресі!
Өксікті, арманды, кек толы үн
- Өмірді құрсауда кетті оның!
Ильичті толғантқан осы бір
Музыка құдайы - Бетховен.
...Армансыз тұйық, - деп,
- Ұлы Адам,
Айтыңдар, шек қойған кім оған?!
Ұлы Адам кей сәтте шаттанып,
Ұлы Адам кей сәтте жылаған!
Ұлы адам суынар, жылынар,
Оның да өзіндік мұңы бар.
Ал Ильич, туыстар, өмір ғой,
Өмірдің сан қилы сыры бар.
Көтеріп күрестің туын нық,
Күресте өскенмен шынығып,
Өткізген қуаныш, қайғыға
Шек қоймас ешқандай улылық!
Іркілмей түсінер мән-жайға
Ильичтей сезімтал жан қайда?!
Қандай ой жатты екен сол сәтте
Сонау бір сократ маңдайда?..
Мейлі өтсін күн, айлар, жыл, ғасыр
...Ильич деп бастаймыз жыр басын.
Бетховен толғантқан Ильичтен,
Қанеки, оқушым, тыңда сыр!
Келіңдер, шабытқа ерелік!
Кесілсін жырға ерік берелік.
Мұхиттай жанына Ильичтің
Жасқанбай бір сүңгіп көрелік?
Екінші бөлім
Волга жағасында
Я июнь, я июль шамасы,
Шуақ жаз. Волганың жағасы.
Алаңсыз нәресте - табиғат
Маужырай қалғанын қарашы.
...Мына бір сазды әнді салды кім
Аяныш әуезі - зарлы мұң.
Шаруа, болмаса бурлак па?
Отырған үстінде баржаның.
Дамылсыз аймалап жағаны,
Волга - ана ағады, ағады.
Шаруа шалғысын иыққа ап,
Шабындық жер іздеп барады.
Талма түс. Маздап тұр шуақ күн.
(Көркін-ай көк, жасыл құрақтың)
Саялар жандарын сиырлар,
Жағасын паналап суаттың.
Жым-жырт, үн-түнсіз қала да,
Бұлыңғыр сағым бар далада.
...Оңаша осы бір жағада,
Ойланып әлі отыр Володя.
Ойлады ол сабырлы анасын,
Ойлады ол Сашаны, ағасын.
Өзінше кей сәтте өлшейді
Өмірдің ағы мен қарасын.
Өлшейді, әділдік таппайды.
Санасы сан жаққа аттайды.
Бір сәтке өзегін күйдіріп,
Жаншуақ болады жат қайғы.
Жалғыздық. Сашаның күйреуі,
Жандарм. Қорқыныш үйдегі.
Бәрісі-бәрісі жабылып,
Володя жүрегін түйнеді.
Даярлап тұзағын, жалманын,
Үй сыртын торыған жандарм.
Қайткенмен қақпанға түсірмек
Русьтің "Қауіпті жандарын".
Осы бір семьядан от басқан,
Дұшпандар даурығып, дос қашқан.
...Әлгі бір келімсек қарт тағы
Бұл у имен біржола қоштасқан.
(Осының бәрінен мұң шығар)
Осындай қорлыққа кім шыдар?!
Абысын-ажындар өсектеп,
Жан сала қарманған тыңшылар.
...Лайсаң замана май батпақ,
Жауыздық ботқасын қайнатпақ.
О, арсыз! Ақсия күліп тұр.
Адамды адамға айдап сап.
Адамның тағдырын қорлаған,
Сондай да болыпты-ау сор заман.
Айдынын "топан су" ылайлап,
Аспанын қара бұлт торлаған,
Сондай да болыпты-ау сор заман.
...Сол заман ашынтты жас жанды,
Володя көзінен жас тамды.
Жүрегі күреске шақырып,
Миында төңкеріс басталды.
Заманның түруге түнегін,
Қорлауға құлдықтан ұлы елін,
Сол кезде-ақ өзіне ант еткен,
Сондағы Володя - Ленин!
...О, Волга! Неге сен ылайсың?
Ағасың, тек үнсіз жылайсың.
Арнаңнан асып бір тасышы
Азапқа қаншама шыдайсың?!
О, Волга! Неге үнсіз жылайсың?
Толтырып теңіздің сабасын,
Ағасың, ағасың, ағасың...
Арнаңда Русьтің арманын
Айтсаңшы, қайда алып барасың?
О, Волга! Қайда алып барасың?
Толқыны тонапты заманның
Жиегін жұлмалап жағаңның.
Арманын қайда ұрлап барасың
Анамның, әкемнің, бабамның?
Ұрынбай тауға да, сайға да,
Ағасың асықпай, жай ғана.
Аялда, осынау Русьті
О, Волга!
Түгелдей аймала!
Аймала, ақтарыл арнаңнан,
Шөліркеп жатыр ғой айнала.
О, Волга! Күшіңді жисаңшы!
Еліңе ерлікті қисаңшы.
Арнаңда Русьтің өз терін
Өзіне қуат қып құйсаңшы!
Ашу мен ызаңды жеңбек кім?
Ақтарыл, кірін жу жер-көктің!
Езілген, жаншылған жұртыңа
Бостандық, бақытты бермек кім?
О, Волга! Шәй кірін жер-көктің?
Өзіңнен күшті кім, дүлей кім?!
Біз торын қорқыныш, үрейдің!
Ақтарыл, ақтарыл арнаңнан
Дауылды күніңді тілеймін!
О, Волга! Өзіңнен кім басым?!
Буырқан, толқының туласын!
Тереңде шортандар теңселіп,
Жағаңда шағала шуласын!
Толқының тағылық кемесін
Тас-талқан етпей бір тынбасын!
Толтырып теңіздің сабасын,
Ағасың, ағасың, ағасың...
Арнаңда Русьтің арманын
Айтсаңшы, қайда алып барасың?
Айтсаңшы, қайда алып барасың?..
Ақыл, ой құрсауда дат шалған,
Ар-намыс, аяққа тапталған.
Құтқарар қандай күш Русьті
Ауыр жүк, зіл қара батпаннан?
...Отаным, уа, газез Русім!
Русім - Жүрегім, тынысым.
Серпілші, бұрқана сілкінші,
Күйресін күйкі өмір, құрысын!
Тек сенде бар тілек, бар арман,
От қайда қаныңмен жаралған?
Қайда әлгі ер даңқың, өр даңқың
Әйгі боп әлемге таралған?
Русім! Неғылған көрікті ең!
Табынам өзіңе сеніп мен.
...Әйтсе де бұл күйкі күніңе
Көнікпен, көнікпен, көнікпен!
Бұл күйкі күніңе көнбеймін,
Руське бостандық бер деймін!
Қаны қас патшадан жақсылық
Келеді дегенге сенбеймін!
Лағынет патшаның тағына!
Көбеймін тағылық заңына!
О, озбыр! Ордаңмен омырыл,
Басына қара түн жамыла!
...Жолатпа, санаңнан жат сана,
Халықтар, сенбеңдер патшаға!
Сенбеңдер, қазынасын ақтарып,
Алтыннан таратып жатса да!
Ойран қыл тәжін де, тағын да
Халықтар, патшаға бағынба!
Өзіңде өзіндік бақытың
Тақ мінген азғынға жалынба!
...Эх, Саша! Жолыңды таппадың,
Аңламай тым ағат аттадың,
Қателік - қан жұтқан патшаға
Қару ап, кұртуға шапқаның.
Қоғам ол кісі емес жығылар,
Патшаның бірі өлсе, мыңы бар.
Ал патша өлгенмен, патшалық
Бәрі бір сол таққа тығылар.
Террормен қоғамды жоймайсың.
(Ол оймен батпаққа бойлайсың).
Бір ғана патшаны өлтіріп,
Өмірге тиянақ қоймайсың!
...Эх, Саша, жаңылдың, жаңылдың
Артыңа қалдырдың ауыр мұң.
Өзіңмен өткізген күндерді
Сағындым, амал не, сағындым...
Амал не, ақылды ең, зерделі ең,
Арыма идеал сен деп ем.
Жаныңнан ұшқындап тұратын,
Жалынды сан рет көрген ем.
Асқақ ой, арыңа құштар ем
Аға едің, ақылшы ең, ұстаз ең,
Өмірде өзіңдей болсам деп,
Еліктеп жолыңды ұстап ем.
Сендегі асқақ ой, санадан
- Жаныма жақсы нұр тараған.
Арманым бар еді ойлайтын
Сашадай болса деп бар адам.
Өзіңе орасан жүктеген,
Істерің көп еді бітпеген.
Амал не, эх, Саша!
Мен сенен
Осынша ағаттық күтпеп ем.
Ақылшы едің-ау сен менің!
Аяныш тым ерте сөнгенің.
Әйтсе де жарайсың,
Саша, сен Мерт болдың, арынды бермедің!
Сабағы секілді жүзімнің,
Эх, Саша, тым ерте үзілдің!
Соқпақта дағы да қалмапты
Шиырлап таптаған ізіңнің...
(Атаймын атынды құмартып)
Мәтел бар: "Өледі шынар тік".
Қорлыққа құл болып кеткеннен,
Ерлікпен өлгенің мың артық!
Кеудемде қалғанша суып қан,
Қош, Саша, мен сені ұмытпай!
...Бірақ та таңдаған жолыңды,
Ғафу ет, жаныма жуытпай.
Күресем! Басқа жол таңдаймын.
Сен салған соқпаққа бармаймын!
Террордан Русьқа бостандық
Келеді дегенге нанбаймын!
...Күрестің құзы бар, оры бар,
Күрестің мың бұраң жолы бар,
Біреулер батпаққа малтығып,
Біреулер соқпаққа жолығар.
Сан жылдар, сан ғасыр барша адам,
Бақытты іздеген, аңсаған.
Алайда қиялдан шыға алмай,
Қажыған, түңілген, шаршаған.
(Біреулер құр босқа күштейді)
Патшаның қанын да іш дейді...
Ал одан бақыт кеп түспейді,
Бақытты адамдар істейді!
Қиялға сүңгімен, жүзбеймін!
Бақытты күрестен іздеймін!
Дүние тұлданып тұрғанмен,
Күрестен күдерді үзбеймін!
...Апыр-ай, не деген сұм заман!
Ақыл, ой қапаста улағам,
Адамдар ашына шулаған,
Көктемде бәйшешек қураған,
Апыр-ай, не деген сұм заман!
Апыр-ай, не деген сұм заман!
Күйзелткен, матаған, шырмаған.
Бейнетқор, еңбеккер халықтың
Қанын да, терін де ұрлаған.
Шаттықты, шуақты күн қайда?!
Азан, сор бітпей ме, тынбай ма?!
Күйзелткен өмірді матаған,
Құлдықтың құрсауы сынбай ма?!
Азаптан арылар күн қайда?!
* * *
...Я июнь, я июль шамасы.
Шуақ жаз. Волганың жағасы.
Өзеннің о шеті қиырсыз,
Құлазып жатқанын қарашы...
Бұл өлке, бұл дала неге үнсіз?!
Қалғып тұр, тірліксіз, өмірсіз.
Осынау иесіз аймаққа
Володя қарайды көңілсіз.
Тым құрса үп еткен жел де жоқ,
Қимылсыз, селт еткен пенде жоқ.
Тек қана шуақ күн маздап тұр
Секілді қозыңдай сөнген от.
Дамылсыз аймалап жағаны
Волга-ана ағады, ағады.
Ойларын Володя Ульянов
Русқа ап қашып барады.
Осылай, көңілсіз жағада,
Көз салып қиырсыз далаға
Болашақ күресті ойлаған
Бір кезде Ульянов Володя.
Ұшқындап өрт, жалын жас жаннан
Ұлы өмір осылай басталған.
Ұлы ой осылай туғанды.
Жар сала, тау бұза, тас жарған.
Сойқанды заманның түнегін
Түргелі жаралды ол.
Білемін!
Осынау ғаламат өмірге
Осылай енгенді Ленин!
Үшінші бөлім
Күрес алда
...Сан жылдар өтіпті-ау, сан жылдар,
(Сабыр ет, оқушым, сан жыр бар).
Ильичтің басынан алмасқан,
Аумалы-төкпелі тағдыр бар.
Тағдырлар аумалы-төкпелі,
Ильичке соқпай бір өтпеді.
Қиды оған күресін, азабын.
Жалт бере, жасырып өткелін.
Сұрапыл сұсты өмір толқыны,
Оны тек жасытып кетпеді.
Қуылып оқудан. Қазаннан,
Он жеті жасындай-ақ жаза алған.
Өш өлім қуғанмен өкшелеп,
Өш алған Ильич ажалдан.
Айдауда, жат жерде түрмеде
Асқақ ой дат шалмай тазарған.
Тағдырдың талқысы жиі ұрған,
Бас тартты ол тапталған шиырдан.
Жастығы айдауда жоғалып,
Некесі айдауда қиылған.
Әйтсе де өр өмір төсінде
Емес-ті ол күрестен тыйылған.
Жүрсе де жат елде, айдауда,
Ильич ол әрқашан майданда.
Күрестен ол есте тайған ба,
Күресте жол берді қай жанға?!
Кім қарсы тұра алды Ильичтің
Ақылын ақылмен байлауға?!
Дос жау да, қас жау да сыралғы,
Майысқақ темірдей бұралды.
Өр кеуде өзімшіл "даналар"
Ильичтен "сый" алды, сын алды.
Ақылдың атасы Ильичке
Қамдай жау қарысып тура алды?!
Ақыл ой, арларын сарқысты,
Қас жау да, дос жау да тартысты
Ашына торыған жауынан
Ап шықты Ильич Марксты!
* * *
...Питерде. Жұмысшы үйінде,
Алғашқы маркстік үйірме.
Сақтаулы Ильичтің жадында
Бәрі де баяғы күйінде.
Питерде. Надямен танысу,
Күрестес достармен табысу.
Алғашқы айтыстар, таластар
Халықшыл "ерлермен" қағысу.
Питерде сәтсіздік бастапқы
Алда әлі заңғар тау, тас жатты.
Ауыр жол, азапты сапардан
Талайлар тайсалды, бас тартты.
Талайлар тайсалды, түңілді,
Тапталған соқпаққа жүгірді.
Тайсалмай Ильич тапжылмай,
Болашақ өмірге үңілді.
Питерде. Алғашқы абақты,
Ильичтей дананы қаматты,
Сонда да ұшқыр ой жол тауып,
Түрмеден сыртқары тарапты.
Ильичтей иесі тұрғанда,
Отты ой өртемей тынған ба?!
Арсыздар! Адамның тағдырын
Қажытпақ болыпты-ау зынданда!
Питерде, Питерде барлығы,
Питерден таралған таң нұры.
Питерде тоғысқан Русьтің
Арманы, ашуы, тағдыры.
...Бойында булығып өш-кегің.
Қарт Питер, халқыңа ес бердің.
Қарт кеудең қайыспай көтерді,
Қазасын Радищев, Пестельдің.
Азамен құса боп іш күйді,
Арыңа сан ұлы тіс тиді.
Намысы қорланып жатқанда,
Жұбаттың Чернышевскийді.
Бойыңа болаттан күш құйдың,
Жауыңнан жирене іш жидың.
Қайғыра, жүрегің қан жылап,
Қазасын өткердің Пушкиннің.
Қапаста жатқанда Отаның
Ақылын айттың сен атаның.
Ес бердің Руське, желкілдеп
Жеңістің туындай сақалың.
Шашынды шалғанмен от, жалын,
Қарт Питер, даңқыңды ақтадың.
Елінің ең соңғы үміті - Рақмет,
Ильичті сақтадың!
Жалғанып күреске жаңа арқау,
Қарт Питер, қуандың самарқау.
Қойныңда кек селін қайнатып,
Атқалы тұрдың сен жанартау.
Шайқалып Неваның айдыны,
Қарт Питер, ысырдың қайғыны.
Ана-Русь аунақши бастады,
Жақындап толғағы, ай, күні.
Ай, күндер, жыл, ғасыр өтті ауыр,
Асыр сап кеудеңе от, дауыл.
Ақ басың иіліп қарсы алдың,
Атойлап жеткенде Октябрь.
Айдынын аймалап, Неваның
Қатыгез күндерге көне алдың.
Октябрь дүбірі келгенде,
Жасардың, сілкіне дем алдың!
...Жоғалтып жел үрген көрігін,
Антанта басқан кез желігін,
Қауіпті күндерден тыныстап,
Тұрған шақ жас совет елінің.
Азапты күндер де өтті ауыр,
Салтанат құрған шақ. Октябрь.
Бір сәтке толастап сөнген кез,
Отанды шарпыған өрт, дауыл.
(Ал, ақын, желпіне жаз дастан)
Кез келді Советтер қаз басқан.
Қаусаған дүниені қалың ел
Жөндемек, бірлігін жазбастан...
...Аштықтан айықсын ұлы елің,
Тереңдет, соқаның түренің!
Бәйек боп, қарашы, бірге жүр
Еңбекқор, инженер Ленин.
Көркейсін десең сен ұлы елің,
Станок басына түнегін.
Бәйек боп жүргенін қарашы
Мазасыз инженер Ленин.
Жандансын десең сен ұлы елің,
Сақ айт та сауықтыр, біл емін.
Жаралы Отанды күзетіп
Тұр әне дәрігер Ленин.
Жазылсын, жандансын ұлы елің!
Ал анда қалғыған кім едің?!
Тұр, жолдас, ұйқыңды аш, іске ұмтыл,
Ұйықтамай отыр ғой Ленин!
Ертеңгі асыңды түн ішпей...
Сеземін... Қиын-ақ... Біл іштей...
Ильичтей ауыр жүк арқалап,
Азапқа төзе біл Ильичтей.
...Жоғалар жоқшылық шақ та бұл,
Аштық та, аяз да, жат бауыр.
Тек Ильич есен-сау болса екен,
Есен-сау болса екен Октябрь!
Коммуна үнімен үндес ем,
Мартеннің шоғын да үрлесем.
Октябрь есен-сау болса екен,
Есен-сау болса екен күн-көсем!
...Сонымен, аңсаған келді күн,
Ардақтап адамның теңдігін,
Мақтан ет, алып ел Россия,
Бұл - сенің даңқты ерлігің.
Мәңгілік бақытты алшы, Анам,
Күн келді кеше сен аңсаған.
Арыңды, жаныңды қорғауда,
Амал не, мерт болды қанша адам...
Күңірене құлазып қыр-түзің,
Мерт болды қаншама ұл-қызың...
...Россия! Россия! Россия!
Жасаршы, жарқырап жұлдызың!
Сескенбе дауылдан, өрттен де,
Жетеді, бас көтер дерттенбе!
Бостандық жұлдызы - Россия,
Әлемнің назары тек сенде.
Ес жиған езілген ел бүгін,
Бостандық, бақытты берді кім?
Ол - сенің сенімді партияң,
Ол - сенің, Россия, ерлігің!
Сен өткен күрестің мектебі
- Күрескер елдердің өткелі.
...Дүниені бір өзі төңкерген
Батырға балама тек мені.
Сен үшін күрестім, жатпадым,
Демеймін борышымды ақтадым.
Тек өзін әлемнің алдында
Абырой, даңқыңды сақтадың.
Сен алып, сен зорсың, жан ана!
Батырға сен мені балама,
Сенімді партияң бар сенің,
Сонымен өзіңді бағала,
Тек мені батырға балама.
Партия ұлыңмен қолдаса,
Мәңгілік өмірге жол жаса!
...Бостандық әперер кім еді,
Болаттай партияң болмаса?..
Жұмысшы-шаруаңмен қолдаса,
Мәңгілік бақытқа жол жаса.
Өмірді өзгертер кім еді.
Жұмысшы-шаруаң болмаса?
Тындырар істер көп қолдасаң,
Сен үшін әлі көп жол басам.
Октябрь тағдыры не болмақ,
Алып ел, егер сен болмасаң?!.
Жеңеміз аштықты. Сенем мен!
Кез болар нанға да кенелген.
Октябрь әкелген отты ұшқын,
Кетпесе болғаны тек елден.
Отты ұшқын ойнаған дененің,
Жылуы сарқылмас, сенемін!
Бойыңнан, Россия, лықсыған
Болашақ қуатты көремін.
Мойымай бас көтер, керек бұл!
Болмаса, дұшпандар өрекпір.
Сарқылмас қазынаң қойнында
Қойныңда - отын, нам, электр.
Байлыққа, бақытқа кенелген,
Бір кезде бай елді көрер ме ең...
"Кремльдің қиялы" жанына
Мырзалар, сол кезде сенер де ең...
...Сонымен өзгерттік заманды,
Әлемнің бір бұршы жаңарды,
Ал күрес біткен жоқ, бітпейді,
Күреске күрес кеп жамалды.
Шоғы әлі сөнген жоқ тартыстың
Контр бар, солшыл бар әр түсті.
Әлі де жауымыз жетерлік,
Жаулары әлі көп Маркстің.
Қандары құтырып қастықтан,
Жаулар көп қойнына тас тыққан.
...Арылу, қалайда арылу,
Әзіргі аяз бен аштықтан.
Жаулар көп іштегі, шетелдік,
Жауымыз әлі де жетерлік...
Бостандық, теңдіктің жалауын
Тек қана бір елде көтердік.
Жаулар көп айнала қоршаған,
Елдер көп теңдікті аңсаған.
Еріксіз капитал құлы боп,
Езілген, жаншылған қанша адам...
Күресті тыймаймыз әмәнда,
Алмаған асу бар әлі алда...
Тыныштық орнатпай болмайды,
Осынау беймаза заманға.
Алда әлі тартыс кеп, тартыс нық,
Күресте жеңеміз, ант іштік!
Әлемге салтанат құрмақшы,
Коммуна, идея Маркстік!
...Жойылған антанта қатері.
Кешең күз. Пешкова пәтері,
Қосылып қос ұлы Волганың,
Дамылдап отырған сәті еді.
Тұмшалап қаланы, көшені,
Тұрған бір тымырсық кеш еді.
Тербетіп, толғантып Ильичті,
Тәкәппар музыка еседі.
Бір сәтке тұңғиық шомды ойға,
Шомды ойға бостандық көсемі.
Шомды ойға, уайым емес тек
(Ол асқан асқар көп, белес көп)
Бетховен сазына сәл босап,
Шомды ойға өткені елестеп...

4. Соңғы минуттар
I

Москва. Кремль. Жиналыс.
Советтер сап түзеп, жиған күш.
Қуаныш хабарды әкелді
Ақсақал Михаил Иваныч.
- Жолдастар! - деді ол, байыпты,
- Шүйінші, Ильич айықты!
Ол ертең оралар жұмысқа
Сыйыңды әзірле лайықты!
- Ильич өмірге оралды,
Бойынан сырқаты жоғалды,
- Деді де, Михаил Иваныч
Осымен хабарын доғарды.
Кең залды кернеді бұл хабар
Шартта-шұрт шапалақ.
Уралар Айғай. Шу.
Ашылған құшақтар,
Сүйісу, жыласу, ду да бар...
Кенелсін шаттыққа, кенелсін,
(Қуанған қауымға не дерсің).
Шаттықты ақ қанат көгершін
Әлемге іліп ап жөнелсін!
Үміттің сәулесі жылтылдап
Бар әлем, барша жұрт тұр тыңдап,
Бәрі де көсемін құшып бір
Бәрі де Ильичпен бір тұрмақ.
Лондон, Парижде, Берлинде,
Прага, Варшава, Кельнде.
Ильичтей бостандық көсемін
Аңсап-ақ алыпты ел мүлде.
Париждың байырғы докері
(Ғажап-ақ неғылған от еді!)
Елисей сарайы алдынан.
- Ильич! - деп, жар салып өтеді.
"Тәңірі" қорқақ қып жасаған
Буржуйлар сығалап тасадан,
Қояндай жытады, қашады,
Қашады...
Мәссаған! Жатсын ол
Дұрыс қой қашқаны-ақ.
Жатсын бір түкпірден баспаға ап.
Ал мұнда, Советтер елінде,
Бүгінгі қуаныш басқарақ.
...Январь. Жаңа жыл - жас қанат.
Біздерде қуаныш басқарақ.
Сауыққан Ильичті құттықтап
Күліп тұр миллион қас, қабақ.
...Сібірде. Алысқа, Шушаға
Ағызып барады бір шана.
Тайганың желімен жарысып,
Асыққан кім екен мұншама?!
Айнала ақ түтек борасын.
Сен кімсің? Тым суыт жолаушым?
Бәлкім, бір асығыс іспенен
Алыстан шыққан да боларсың?
Ағызып атыңның боздағын,
Бәрібір Тайгадан озбадың.
Жол болсын, жолаушым?
Не хабар? Қанеки, әңгіме қозғағын?
Ұлып тұр. Сыңсып тұр айнала.
Жолаушым үн қатты жай ғана:
- Айыққан Ильичтің хабарын
Ап кетіп барамын Тайгаға.
Тез жеткіз. Тежеме ат басын!
Тез жеткіз. Жақсылық жатпасын!
Қарт Сібір қалпағын қолына ап,
Білсін де қуансын, шаттансын.
Ұлына сыбаға сақтасын!..
Қарамай аязға, дауылға,
Артта қап қырқаң да, тауың да
Құйылтып келеді бір қазақ
Қиырда отырған ауылға.
- Жол болсын, жолаушым, кім едің
Жүрісің тым суыт білемін...
- Шүйінші, бауырым, шүйінші!
Айықты, жазылды Ленин!
Атын ол бір тартты борбайға
(Қазекең тұрсын ба ондайда).
Құйын боп құйылып барады
Аңдамай жар қайда, ор қайда.
Тез жеткіз, тежеме ат басын!
Тез жеткіз, жақсылық жатпасын!
Қарт қазақ қолына бөркін ап,
Білсін де қуансын, мақтансын!
Ал сен ше?
Шығар күн, батар күн,
Ильичке не сыйлық апардың?
Сен дағы қарыздар емес пе ең?
Сен дағы Ильичтен от алдың!
Қайнаған тіршілік астында:
Өзен, тау, орман, көл, тас, құм да.
Осынау жұмыр жер жонына
Ильичті шуақ қып шаштың ба?
Сен де, түн! Маңғаз түн, бейхабар,
Тербеткін Ильичті, шайқа, бар!
Сәбидей қалғыған дүниеге
Ильич деп бесік жыр айта бар.
Соқ, дауыл! Сок, дауыл, соқ дауыл!
Жаңылма, жырыңды жатқа біл.
Ленин тірі де әлемге
Тірі де Ленин-Октябрь!
...Январь. Айнала ақша қар,
Бұлт та жоқ, көлеңке дақ салар.
Көз ілмей Ильичті күзетіп,
Күліп тур тоғайлар, бақшалар.
Москва өзені, қаласы,
Сәбидей мәз боп тұр, қарашы!
Қарашы! Ақсия күліп тұр
Шығыс пен Батыстың арасы.
...Өмірге Ильичтей ұл туған
Дүние, айналдым ғұрпыңнан!
Жаңарған, жасарған нұр тұнған
Екен ғой Ильичпен құлпырған,
Дүние, айналдым ғұрпыңнан!

IІІ
Па, шіркін! Горкада күн қандай!
Боз қырау,
Ал боран тынған жай.
Ақ мамық төсеніп, жамылып,
Ағаштар сүйісіп тұрғандай.
Па, шіркін! Горкада күн қандай!
Аяз карт дауылдап, дауылдап,
Басылған сәті еді мамырлап.
Қатал қыс әріге бара алмай
Тұр ма әлде Горкада дамылдап?!
Қарт аяз - жараған ақ бура
Айқара шудасын жапты да,
Құлай кеп қисайды.
Кім білсін, Горкадан тыныштық тапты ма? Т
Түк... Түк... Түк соғылса тұмсықтар,
Қайыңнан түседі сусып қар.
Бұтақтан бұтаққа секірген
Бармактай, бармақтай шымшықтар.
Па, шіркін! Горкада күн қандай!
Тыныштық құлаққа ұрғандай.
Тіршілік, тыныштық тынысы
Осында мекендеп тұрғандай.
Па, шіркін! Горкада күн қандай
Табиғат, Горкаға жерік пе ең?
Сен мұнда неғылған көрікті ең!
...Апыр-ау, айтса да оқушым,
Бұл маңда Ильич жоқ неліктен?!
Иесі қайда жүр бақшаның
(О, жүрек! Не күдік бастадың?)
Кет, күдік! Қайдан сен тап болдың?
Кет әрмен! Көңілге жат сағым!
..Батуға еңкейді күн дағы
Неге үнсіз тіршілік мұндағы?
Мана әзір жиналған топ сәби
Неліктен аялдай тұрмады?
Көп күтті сәбилер бақшада
Ильичпен ойнауға аққала.
Шіркін-ай, сол адам тағы да
Ойнаса, күлсе-ау бір шаттана...
Бір-бірден жентек қар алып ап,
Шіркін-ай, ойнаса жамырап...
Келмеді ол. Әнеки, босқа тұр
Қар басқан орындық қаңырап...
Жоғалтып бүгінгі шаттығын
Сәбилер тарасты. Батты күн.
Бейхабар сәбилер біле ме,
Ильичке не болды тап бүгін?!

IV
Кешқұрым. Көк жиек нарттанып
Неліктен тұлданды бет қарып?
Жомарт Күн шашылған шуағын,
Апыр-ау, қай жаққа кетті алып?!
О, менің тірлігім, қуатым!
Неге сен батасың, шуақ Күн?
Тағы әне, түнге ерік бердің де,
Тағы да дауылды жылаттың!
Сен неге батасың, шуақ Күн?
Сәулеңді ұрлайды кім келіп?
Неліктен бересің түнге ерік?
Сақшысы болдағы өмірімнің
Төбемде мәңгілік тұр көріп,
Батпа сен! Бермеші түнге ерік!
Төбемнен ұзама жүз қадам,
Жылыта бер денемді мұздаған.
Зәредей сәулеңді мен сенің
Некелі жарымдай қызғанам.
Барымда, байлығым, мақтаным,
Батпашы, шуақ Күн, батпағын!
Осынау алып ел үстінде
Мәңгілік борышыңды ақтағын!
Асықпа, аялда, батпа күн!
...Әлгінде дәрігерді қабылдап,
Ол жатыр бөлмеде дамылдап.
Ол жатыр. Ауру жеңгенмен,
Әуелгі қалпында сабырлы-ақ.
Қиын ғой сабырлы деуге де,
Сарқылмай ой жатса кеудеде.
Қиын ғой сабырлы деуге де,
Тасыған күй жатса кеудеде.
Амал не? Сырқаты меңдеді.
Жеңбекші ол осы ұлы кеудені.
Амал не? Науқасы көнбеді,
Әйтпесе бір нәрсе дер ме еді?!
Табиғат, қаталы-ай заңыңның!
Қайратын мұқадың дана ұлдың. Ол рас.
Қимылың ақиқат,
Әйтсе де бұл тұста жаңылдың!
Алжаспа, табиғат, демеп қой!
Ильич ол - ұлы арман, қоректі ой.
Ағың мен қараңды айқындар
Ильичтей адал жан керек қой!
...Ол жатыр оңаша бөлмеде.
Ордалы ой жатыр кеудеде.
Ұлы ойға ұрынды жіберген
Табиғат, ес жоқ-ау сенде де!
...Ол жатыр. Надя отыр қасында...
Сабырлы
Мезгіл жоқ жасуға!
Қарайды ол. Жанары аймалап,
Дегендей: "Өлімге бас ұрма!"
Ол жатыр. Надя отыр қасында.
Болмайды, болмайды жасуға!
Болмайды! Ежелден белгілі
Сыну бар, сызат жоқ асылда!
Ол жатыр. Күрмеулі тіл бірақ,
Қос жанар қарайды тұнжырап.
Гранит кеудеге соғылып,
Тулайды толқын ой ұрғылап.
...Ол жатыр. Күрмеулі тіл бірақ
Аулада Аяз карт тур жылап.
Бусанған қап-қара әйнектен
Төнеді Горка да тұнжырап.
Ол жатыр. Ол жатыр от - дана
Баяулап сөнуге шоқтана...
Қайтпапты. Үй сыртын торып жүр
Ойнауға жиналған топ бала.
Бүгін кеш неғылған қап-қара?!
Жадаулық, жүдеулік бақта да.
Ильич пен балалар жасаған
Жабырқап тұр, әне, Аққала.
Ол аппақ. Айнала қап-қара.
Арайлап, баяулап, тап бүгін,
Сөнген жоқ, бірақ та батты күн.
Сендерге, сәбилер, қалдырды ол
Өзінің өмірін, шаттығын.
Тараңдар, сөнбейді, батты күн.

VI
Жиырма төртінші жылда ауыр,
Қарғыстап, қаһарлы тұр дауыл.
Ал Горка томсарып, налиды
Қаралы, жаралы, тұлды ауыл.
Горка, сен, налыма тұнжырап
Секілді жапырақсыз мұңлы бақ.
Көтер бас! Налыма! Сен маған:
Батады, сөнбейді! Күн бірақ!
Қатыгез қайғы уын шашты ма!!
Түтеп тұр біздің қарт Москва
Сақалы желкілдеп, бүгілді
Ер ұлын баурына басты да...
Шұғыла сәулеңмен түнді жап,
Қайғырма, Москва, тұнжырап!
Қайғырма, Москва!
Сен маған:
Батады, сөнбейді Күн бірақ.
Кеудесін кек кернеп ұрғылап,
Көз алды мұнартып бұлдырап.
Егіліп. Таянып таяғын,
Бір қазақ қарт қойшы тұр жылап.
Ей, қартым! Құрт түсіп тұнжырап,
Сыр берме, жауларға тым жылап!
Жылама, жасың сүрт! Сен маған:
Батады, сөнбейді Күн бірақ.
Қайғы жат. Қайғымен туыспа!
Қайғыңды айналдыр құрышқа!
Ильичтің есімін мәңгілік
Орақ пен Балғаңдай тік ұста!

1962 ж.



Пікірлер (1)

Айша

Мұқағали Мақатаев
Ильич - супер!

Пікір қалдырыңыз

Отырам да, қараймын

  • 0
  • 1

Дүниенің мұңына,
отырам да, қараймын,
Зомбылық езгі, масқара —
Көремін де, санаймын.

Толық

Ғасырлар перзенті

  • 0
  • 1

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.

Толық

Жұмыстан соң

  • 1
  • 2

Қажып тұрмын, несіне жасырайын,
Әкелші, ата, бар болса насыбайың.
Азан-қазан шулаған қапақ бастан
Құрып кеткір даң-дұңды қашырайын.

Толық

Қарап көріңіз