Жігіттер, мақтанбалық
Бөрікті аспанға атып, аттан салып,
Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық!
Қашаннан қазақ деген сырмінезді,
Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.
Сабырмен сабақ алып дәуірлерден,
Сабырын сары алтыннан тәуір көрген.
Қазаққа мақтансын деп жер бермеген,
Жерінің кеңдігіндей сабыр берген.
Иықтасып тұрсын деп елдерменен,
Қазаққа молшылықты кем бермеген,
Алайда, Ата-қазақ мақтануды,
Әлімсақтан бер қарай жөн көрмеген.
Дәулет шалқып, ырысы асқанында,
Қақысы бар қазақтың мақтануға.
Дарақы боп қазағым кетпесін деп,
Сабыры тұр, күзетіп арт жағында.
Іргелі қазақ болдық. Сақтар қалып,
Құс міндік темір қанат, аттар қалып,
Әйтсе де, мақтанбалық, мақтанбалық!..
Үлпілдеген, үрпиген үкім менің,
Жыл құстарын сағынып, күтудемін.
Көз алмай шұбатылған құс жолынан,
Бүкіл елім күтуде, бүкіл жерім.
Қырларым да күтуде, дөңдерім де,
Сағынады бізбенен көл де бірге.
Үкім менің, қарашы, жыл құстары
Келеді екен қайсы ендік белдеуінде.
Қараторғай, қарлығаш, тырналарым,
Қашан бізге әкелер жыл хабарын?
Қашан қонар зергерлер - аққу, қаздар
Әшекейлеп көлдерін, жылғаларын.
Қашан болар тоғайда ән сабағы,
Ән салады, қашан кеп жан салады?
Қашан мынау жайқалып емен, терек,
Жапырақтар жабыла қол соғады?
Айлар өтті қолыма қонғанына,
Еріксіздік басына орнады ма?!
Тұтқын болып отырмай тойда мына,
Ораласың сен қашан орманыңа?..
МАДИНА
ӨТЕ КЕРЕМЕТ
МҰҚАҒАЛИДІҢ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ БӘРІ КЕРЕМЕТ
А
Мен ғана ма 2026та көріп отқан????
Ернар
Мұқағалидың «Жігіттер, мақтанбалық» өлеңі – қазақтың ұлттық болмысын, сабырлығын, әр сөздің салмағын дәл көрсететін нағыз асыл мұра. Өлеңді оқып отырып, жүрекке жылулық пен мақтаныш бір мезгілде келеді: «Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, Жерінің кеңдігіндей сабыр берген» деген жолдар әлі күнге дейін өте өзекті.
Bilim-all.kz сайтында осындай классикалық өлеңдерді жинап, тегін қолжетімді етіп қойғаны үшін алғыс! Мектеп оқушыларына, студенттерге, әдебиетке қызығатын әр адамға өте пайдалы ресурс. Мұқағали ағамыздың басқа өлеңдерін де осы жерден оқып, рухани байып жатырмын.
Керемет өлең, керемет сайт! Баршаңызға ұсынамын, міндетті түрде кіріп көріңіздер.
Айбар
керемет .
Айгүл
Бұл бетті тапқаныма өте қуаныштымын. Мұқағали Мақатаевтың "Жігіттер, мақтанбалық" сияқты аса маңызды өлеңін бір жерде толық мәтінімен, қолжетімді етіп қойғандарыңызға үлкен алғыс! Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуі тиіс аса құнды рухани мұра.
Өлеңнің әр жолы – нақылдап айтылған тіршілік философиясы. "Қиналмай күн көрер" дегеннен бастап, "Өмірде ұстандар" дегенге дейін жастарға берілетін адалдық, әділдік, білім мен өнерге ұмтылу сияқты мәңгілік құндылықтар туралы айтылады. Мәтін қазақ халқының салт-дәстүрлі тәрбие идеалын толық көрсетеді.
Мұндай материалдарды жинақтап, кеңінен тарату – ұлттың рухани кодын сақтау жолындағы ірі іс. Мектеп оқушылары осы өлең арқыған тәрбиеленеді, әдебиетті зерттейтіндер үшін бастапқы дереккөз болады.
Жалпы, жұмысыңызды жоғары бағалаймын! Мұндай жақсы бастаманың одан әрі дамитынына сенімдімін.