Саңлағысың парасатты сананың –
Дихан Әбілев
Бұл бетте «Саңлағысың парасатты сананың» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынғали Сейітовке
Сайрап жатып төсекте тіл мен жатым,
Сексеніңнің тойына бара алмадым.
Қан майданда қаруың—жан жырыңмен,
Отан сүтін оқ асты адалдадың.
Жайқалған жасыл орман Иранбағың
— Жәйлі мінез, жазира жыр шуағын!
Патшаның тағына да бермес едім,
Сәтті шыққан саналы жыр шумағың.
Ғылым, білім бар-ақ қой бір басында,
Атақ құмар болмадың әу басынан.
Кеңесерлік сәттер бар кездескенде
Келтіресің «білгірді» тәубасына.
Қызғанумен, күндеумен жұмысың жоқ,
Кең пейіл —
Кен, даладай тынысың боп,
Жасап келе жатырсың, жомарт ақын,
Халқыңның қалтқысыз бір ырысы боп.
Саңлағысың парасатты сананың,
Қыңыр жортып көрген емес қаламың.
Сексеніңнің алдында:
Тоқсан мен жүз,
Сілтене түс, одан да әрі адал үн!
10 желтоқсан, 1997
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі