Әкімжан Төкеновке – Дихан Әбілев

Бұл бетте «Әкімжан Төкеновке» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1890
Әкімжан, бауырым, жүрегім,
Ұзатып тұрмыз мәңгіге.
Өлімге қияр сені кім?!
Отырған сайрап әлгінде.
Төзімді ед жаның, кең еді,
Жүк тартқан нардай ал ыстан;
«Әкімжан қайда?»—дер едім,
Әлде бір неге тарықсам.
Жақсы еді-ау жанын, ешкімге
Ойламаушы ен жамандық.
Өмір бойы мол еді-ау,
Ақ жанында адалдық.
Розан бар артында,
Қосылған жастай жан жарың.
Азамат ұл-қыздарың, —
Бақыт құшқан арманың!
Ерте кеттің өмірден,
Ең қызықты шағында.
Сағынайық біз сені,
Сен бізді әзір сағынба!
Өзіңсіз атап отырмыз,
Сексеніңді бүгін біз.
Аруағыңды кұрметтеп,
Өтпекшіміз тіріміз.

1994 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері