Қалдыбай Бектаев ғалымға –
Дихан Әбілев
Бұл бетте «Қалдыбай Бектаев ғалымға» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сонау түпсіз жылдарда
Топан суы қаптаған,
Қазығұрттың тауына
Нұқ кемесі тоқтаған,
Қасиетті аймақтан
Қадірлі жер жоқ маған.
Кіндік қаның тамған жер,
Сол Қазығұрт болғансын:
Адамшылық, от жігер
Бопты өмірлік жолдасын.
«Ғылым ед бар іңкәрің,
Әр қияға сермедің», —
Деп ұлы Абай айтқандай
Өрбіттің ғылым өрнегін.
Жеміссіз болған жылы жоқ,
Ғылымға сепкен дәніңнің,
Ақындардың жыры боп,
Алаулай түсті дарының.
Кеше майдан солдаты
Бүгін: ғалым,
Ардагер.
Әлдилер өмір жәннатын
Ғылым үшін, халық үшін,
Жасай бер, Қабдеш, жасай бер!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі