Уақыттың естісіне мың алғыс!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4536
Жүсіпбек Аймауытовтың рухына

Атынды атай алмай
«Айбек»—дедік,
Нақақтан есіміңе
Айбат шегіп.
Жыл еді ол
Мылқау еткен көбімізді-ақ,
Тоналып қызыл тілден
Қайратты ерік.
Нажағай осып айдап
Бұлт түйдегін,
Тандырып есін
Сап-сау дүниенің, —
Қуысын қиратқанда
Әулиенің,
Көргеміз
Кемсеңдеген тау иегін.
Сайраудан қалып
Әнші бұлбұл біткен, —
Сағат сайын
Саяси «бұғау» күткен.
Қыранға
«Қыңыр ұштың»—деп жала сап
Ұланның жүрегіне
Қылыш сүрткен.
Жылдар-ай...
Күннің көзі қара түнек,
Жазықсыз жандар—тұтқын,
Жала—түлеп,
Гүл семіп,
Орман қирап,
Өзен солып,
Жылдар-ай...
Беріш болған бала
жүрек.
Сонда біз
Бүгінгідей сайрап па едік?
Атынды атай алмай
«Айбек!»—дедік.
Жыл еді ол
Мылқау еткен көбімізді-ақ,
Тоналып қызыл тілден
Қайратты ерік.
Уақыт ар-ұяты
Ірі екен ғой,
Әділет жұтылса да
Тірі екен ғой.
Өтсе де жарты ғасыр...
Уақыт құдірет
Жүректің жарылқағыш
Пірі екен ғой.
Қартқожаң, Ақбілегің,
Ән — Әмірең,
Азатшы, әділетші
Арлы әмірмен
Кірді кеп
Күннің қызыл қақпасынан
Жарлық ап
Жана уақыт, — жас тәңірден.

Эпилог
Өшкен отың
Жарты ғасыр ауғалы,
Қайта жанды.
Лаулады отың, заулады!
Төрлеңіз де тыңдаңызшы:
«Нұр күйің»
Саусақтардан
Сағынышпен саулады!
Уақыттың ессізіне — мың қарғыс,
Уақыттың естісіне — мың алғыс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақыттың естісіне мың алғыс! өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Уақыттың естісіне мың алғыс! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Уақыттың естісіне мың алғыс! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақыттың естісіне мың алғыс! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері