Тосқауыл

Бұл бетте «Тосқауыл» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1212
Аяз деген қақап тұр,
Аяқ-қолды матап тұр.
Бір амалын таппасаң,
Шынында да шатақ бұл.
Тыныштықтың сазын ап,
Бөлмесі тұр азынап.
Тәкең бойын жылытты,
Тартып алып азырақ...
Күнде осылай кеңседе,
Бөтелкені еңсере,
Біздің Бәкең үйіне
Оралып жүр теңселе.
* «Мәдениет» газеттің аты
«Мұның не, – деп, – хош, бауыр?
Сұрай қалса дос тәуір,
Дейді Тәкең тосылмай:
«Бұл – аязға тосқауыл».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тосқауыл өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тосқауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тосқауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тосқауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері