Жұмағали Саин

Бұл бетте «Жұмағали Саин» атты Дихан Әбілев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1818
Біреудің шырағына күл төгетін—
Кір жоқ ед жүрегінде бүркенетін.
Жүзіндей ақ семсердің тайсалмаушы ед,
Туралық қажет етсе сілтенетін.
Кешегі қу соғыста қанды қырғын,
Жазымсыз жауынгері ед жалын жырдың!
Жау атқан жауыз октан жараланып,
Бірі еді жарымжан боп қайтқан ұлдың.
Сонда да ол
он сегіз жыл мойымады,
Сөнбеді арман оты ойындағы.
Жырлады жүрегінің қаныменен,
Ерлікті қаһармандар бойындағы.
«Қатал!
Қатал! Партизан» — қаталдығын,
Өртке оранып дұшпанның батар күнін,
Ақиқатшыл ақ семсер қайсар ақын
Жырлады,
Жорық түнін,
сапар күнін!
От бұрқанған отаншыл жүректі өлең,
Досымнан бізге қалған түлек көрем.
Домна пеш жалынымен жазылғандай —
Партизандардың өзіндей жүректі өлең!
Иненің жасуындай менен бүккен
Жан сыры
Болған емес оның тіптен.
Адалдық деген ақ сүт тәңірінен
Басқаға жан емес ед тізе бүккен.

2 - өлең
Қаламдас достар біледі,
Тете өскен едік егіздей.
Тәкаппар еді, ер еді
Дауылсыз жатпас теңіздей.
Қанаттас өстік жылдарда
Жыр жүректің сүтімен,
Жазатын қанша жыр барда,
Оралмады ол, күтіп ем!

3 - өлең
Ақ сілтенер берен ед
Ақ алмастай қайраулы,
Өр көңілді ерен ед,
Кесіп айтар байлауды.
Ұмытпайық әсте оны...
Ұмытуға жоқ хақым.
Түгендеуде: «Саинмын!»—деп
Төрлеп барад ор ақын!

4 - өлең
«Айдар! Айдар, Ақ Айдар,
Өткіздім сенде көп айлар,
Қалдырдым сенде көп ойлар».
Шертеді майдан сырларын.
Оқы, достым, оқы оның
Сол партизан жырларын!
Жазықсыз аққан қан үшін,
Сезесің ерлік сырларын.

5 - өлең
Жаралы ұлын даланың
Маслова ананың
Бермей төнген өлімге
Жүрегінің төрінде
Қалай сақтап қалғанын, —
Түсінде емес, өңінде
Тот баспас жыр қып өмірге
Ұрандап өткен арманын, —
Оқы,достым!
Оқысаң, Ұтасың достық сырларын.
Сезінесің достықта
Өмір атты нұр барын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмағали Саин өлеңінің авторы кім?

Дихан Әбілев — осы өлеңнің авторы.

Жұмағали Саин өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмағали Саин өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дихан Әбілев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмағали Саин өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері