Саматай Кәрібаевқа

Бұл бетте «Саматай Кәрібаевқа» атты Кәкімжан Қазыбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1170
Елуге келдің, Саматай,
Орның бөлек өмірде.
Болдың көпке ағатай,
Кірбіңің жоқ көңілде.
Осы күнге жеткенің,
Бәрімізге қуаныш,
Асудан талай өткенің,
Көңілімізге қуаныш.
Қайырмасы:
Розаңмен жарасып,
Шалқып-тасып жата бер.
Розаңның ақ мамық,
Қызығына бата бер.
Еске алсаң жолыңды,
Небір күлкі шақырған,
Талай адам қорқыпты,
Самаш деген батырдан.
Тентек едің кешегі,
Төбелессіз тұрмайтын.
Түзелген Самаш деседі,
Ірімшік-құрт ұрлайтын.
Қайырмасы:
Сенен Ақсу тыйылған,
Сабап кетер Самаш деп.
Кеген де қашқан қиырдан,
Қамап кетер Самаш деп.
Сол Самашты бұл күнде,
Сәкең деп жұрты сыйлайды.
Сол Самашты дос-құрбы,
Жаманатқа қимайды.
Елуге келген тойында,
Қуана шашу шашамыз.
Өлең жырды ағылтып,
Араққа бүгін басамыз.
Қайырмасы:
Роза-ханум, аяма,
Төк бүгін, бүгін, төк бәрін.
Самашты әмсе аяла,
Белгібай жұртқа ток барын.
Елу деген немене,
Үлбіреп Самаш тұр бүгін.
Жайнай бер, әмсе жарқырап
Қасында қатар құрбының.
Сүйейік, кәне, бәріміз,
Жұп-жұқа сенің ерніңнен.
«Оймақтай» осы аузыңды,
Біз емес, бүкіл ел білген.
Қайырмасы:
Ән мен жыр кетсін қалықтап,
Шырқаңдар, достар, шырқаңдар.
Көңіліміз жатсын шалықтап,
Күн бе екен бүгін құптаңдар.

28.05.1978


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саматай Кәрібаевқа өлеңінің авторы кім?

Кәкімжан Қазыбаев — осы өлеңнің авторы.

Саматай Кәрібаевқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саматай Кәрібаевқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімжан Қазыбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саматай Кәрібаевқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері