Кеш
Бұл бетте «Кеш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алқызыл күн асығып,
Көкжиекке батқанда,
Алысты тұман жасырып,
Қараңғылық жапқанда.
Ойлаймын жалғыз сол шақта,
Махаббат, мәңгі өмірді.
Келеді сыбыр құлаққа:
Болмайсын деп көңілді.
Тұрамын көкке көз қадап,
Телміре кеп қол жайып,
Бірақ, сіз бен біз жат,
Болса да онда ғажайып.
Ессіз сорлы жас жанның,
Ынтығы көз жанарың,
Бар сыййнан аспанның
Соны қымбат санадым.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі