Қазбектегі монастырь

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2827
Қазбек, сан таулардан асқақ қарап,
Шатырың құдіретті жайып қанат,
Жарқырап тұр жүзінен нұр төгіліп.
Бұлттан да әрі асып монастырың,
Керемет кемесіндей көк аспанның,
Самғайды тау үстінен сәл кқрініп.
Алыста оқшауланып жатқан жаға!
Кетер ме ед қош айтысып шатқалдарға,
Асқақы еркін шының басар юолсам,
Жетіп ап бұлттан арғы құжыраға,
Құдайға көрші болып тасалансам!..
***
Атымның саған сонша керегі не?
Қайғылы шудай тынып өледі де,
Тебіренген тас орманда түнгі үндей,
Толқындай соққан жардың кемеріне.
Естелік бетіне бұл нысыбымыз,
Көмескі қалдырар бір түсіріп із.
Секілді құлпы тастың өрнегіндей,
Жазылған бөтен тілде түсініксіз.
Табар не? Біржола ол ұмытылды,
Жаңа бір тебіреністің күні туды.
Есіңе сала алмас пәк, таза күнді,
Үзілген жалғай алмас үмітіңді.
Тыныштықта көз жасыңды құяр уақыт,
Ата оны қапаланып, мұңға батып.
Деші сен: өшпейді аты мәңгілікке,
Бір жүрек келеді оны ұялатып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазбектегі монастырь өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қазбектегі монастырь өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қазбектегі монастырь өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазбектегі монастырь өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері