Шыны осы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 1
  • 11700
Адам сәні барлық шақта
Аброй, бірлік ынтымақта.
Шында ғана тұрақтылық,
Күйе жұқпас көңіл аққа.

Менде ағайын, жақын жоқ па,
Зая қылар барды жоққа.
Қылдан тайса қылтық етіп,
Нысана ғып байлар оққа.

Көңілденсе көзге мақтап,
Жамандайтын сырттан мықтап.
Өзі мықты, өзі білгіш,
Қолдағанын қалмақ сақтап.

Ашуланса пәле жаппақ,
Аузын алсаң, алмақ ақтап.
Көпірме сөз көсіледі,
Іркілмей-ақ бойға шақтап.

Болыссызға кінә тақпақ,
Бар мініңді іздеп таппақ.
Жақынына опасыз жан
Кенелтпекші кімді жақтап.

Туысқанға өтпейді кек,
Кінәласса болғаны тек.
Ағайын боп бал жаласпақ,
«Түбі бірге түтпейді» деп.

Мұндай жақын кімге қымбат,
Кімге адамдық опа қылмақ.
Бұзылмалы сабындай-ақ,
Толқымалы болса сынап.

Өзіме өзім қойдым сұрақ,
Жауабымда шыннан шырақ.
Адал жолдас, жаны туыс,
Маңымда жоқ, бәрі жырақ.


Пікірлер (1)

оте керемет олен екен мен жаттаймын осы оленди

оте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шыны осы өлеңінің авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров — осы өлеңнің авторы.

Шыны осы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шыны осы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шыны осы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері