Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5548
Қабанға қарсы ұмтылма "ер" дегенге,
Сортапқа тұқым шашпа"жер" дегенге!
Отырып өрт алдында, өртенбеңдер,
"Сабырлы, саспайтұғын кер" дегенге.
Болса егер кісі ақысы, көңіл бөлме
"Мазасын мынау майдың көр" дегенге.
Орныңды о бастағы таппай қалма,
Төменнен тұра ұмтылып, "тер" дегенге.
Талқанды "тәтті емес" деп теппе аяқпен,
Қарныңды қазы-қарта кернегенге.
Масығып мал-мүлікке кездескен кеп
Үй-іші үнем таппай еңірегенге.
Артықша ықыласың ауғанменен,
Сыр айтпа, сынап бұрын көрмегенге!
Бермендер "ер екен" деп ел билігін,
Құлашын құр далаға сермегенге.
Жүрмейді жүз айтқанмен ықпал еріп,
Жұртына жәрдем - көмек бермегенге.
Бағанды білген ерге басынды бер!
Дүр шашпа шашпандатып термегенге!
Болғанмен бірге туған бауырласың,
Сөз айтпа ақылыңа ермегенге!
Қайғырма, "қалайынша күнелтем?" - деп,
Қораңнан қой мен түйе ермегенге.
Тандағы тамағыңа кімдер кепіл?
"Ұшырар өлі балық өлмегенге".
"Емес, - деп, - ата-тегі бізден артық!"
Таласпа, талабы асып өрлегенге!
Бақ қонып бастарыңа, бітсе дәулет,
Көзің сал көкірегі шерлегенге!
Қолайлы өз халқыңа қызмет қыл
Белгілі бедеу сыры ерлегенге.
Күйінбе көп пұл беріп кейінінен,
Сұлулап, сыртын жауып зерлегенге.
Осы айтқан үгітімде ғибрат көп,
Отырып ой көзімен серлегенге.
Барады бойым балқып, көңілім шалқып
Сөз толғап топ ішінде терлегенге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері