Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4135
Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың,
Боғыңды бұзық болсаң, уыстарсың.
Жамандық жақын түгіл, жатқа ойлама,
Өзіңмен о басында туысқансың.
Жатсаң да жардай құлап, жаны ашымас,
Көңілі көптің сенен суысқансың.
Болыңдар бір-біріңнің тілегінде,
Бірлікке белдеріңді буысқансың.
Алынбай алдарыңнан аң кетпейді,
Топтанып тұс-тұсынан қуысқансың.
Сөздерің сөйлейтұғын осы болсын,
Таңертең тұрып бет, қол жуысқансың.
Десеңдер, бақ басыма баяндасын,
Қоңсы үшін қарындарың қуыс қалсын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері