Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың
Бұл бетте «Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тіріңде тура болсаң ту ұстарсың,
Боғыңды бұзық болсаң, уыстарсың.
Жамандық жақын түгіл, жатқа ойлама,
Өзіңмен о басында туысқансың.
Жатсаң да жардай құлап, жаны ашымас,
Көңілі көптің сенен суысқансың.
Болыңдар бір-біріңнің тілегінде,
Бірлікке белдеріңді буысқансың.
Алынбай алдарыңнан аң кетпейді,
Топтанып тұс-тұсынан қуысқансың.
Сөздерің сөйлейтұғын осы болсын,
Таңертең тұрып бет, қол жуысқансың.
Десеңдер, бақ басыма баяндасын,
Қоңсы үшін қарындарың қуыс қалсын.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі