Қошбанов Ғайыпқа – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Бұл бетте «Қошбанов Ғайыпқа» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2878
Қайырлы қазаларың болсын, Ғайып,
Жалындық Жаппар Хаққа қолды жайып.
Дұғасы досқа достың қабыл болып,
Жарылқар барлығын да болса да айып.
Сайран ғып сегіз пейіш сарайларын,
Әр түрлі тамашаға қалар байып.
Пендеге өлім мирас болғаннан соң,
Пайда жоқ өкінуден құр мұңайып.
Кеткен соң, Қошекеңде не арман бар,
Өзіндей орынына қойып найып?
Уа, дариха сөзі — шүшік, өзі — кішік,
Кісі еді кеп айтпайтын адырайып.
Қатаң боп қапияда қалма тайып,
"Кең болсаң кем болмайсың, кен боласың",
Жүре берсе елі-жұртың аузың шайып.
Ерлерді туралықтың туын тұтқан,
Еркінсіп ете алмаған ешкім майып.
Асылдың аз болса да, бағасы көп,
Кеткен соң келіспейді кеп ұзайып.
1934


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қошбанов Ғайыпқа өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Қошбанов Ғайыпқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қошбанов Ғайыпқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қошбанов Ғайыпқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері