Ашық кел – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ашық кел» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1906
Өзімді-өзім бос алдап,
Мақтануды мін көрем.
Қол көтеріп, шошаңдап,
Даурықпаймын мінбеден.
Қарсы келсе кімде-кім
Алайын деп соққылап,
Одақ іздеп жүрмеймін,
Шоқпар сайлап, топ құрап.
Сұп-сұр болып сызданып,
Сіреспеймін құр бекер.
Өртенбеймін қызғанып,
Жазсақ өлең-жыр жетер.
Әзәзіл боп азғырып,
Ши жүгіртіп бұқпалап,
Әркімге арыз жаздырып,
Тұра алмаймын сырт қарап.
Екі жүзді жылпос боп,
Жүре алмаймын басып жер.
Құшағыңды аш, шын дос боп,
Жау болсаң да ашық кел.
* * *
Қараңғы ымырт мұхитына сүңгіген,
Отқа белеп ұйықтатпаймын түнді мен,
Оятамын толқындарды жел болып,
Жартастарға жасырынып мүлгіген
.
Оятамын ұйықтап қалған белдерді,
Қамыс басып кеуіп қалған көлдерді.
Оятамын шатқалдарға ұрынып,
Шөгіп қалған, өліп қалған желдерді.
Оятамын тас боп қатқан тауларды,
Оятамын жас боп қатқан арманды,
Оятамын махаббаттан бал татпай,
Қыршынынан қиылған жас жандарды.
Алда өткел, алда асу, алда сын,
Өлім өшсін, өмір қанат самғасын.
Сәуле болып, жаңбыр болып оятам
Ұйықтап біреу ұлы жолдан қалмасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ашық кел өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ашық кел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ашық кел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ашық кел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері