Еділ жағасында

Бұл бетте «Еділ жағасында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4217
Ерке өзенін шолып түнде елімнің,
Тұрмын жалғыз жағасында Еділдің.
Сылдыр қағып ағып жатыр ағын су
Толқынындай лепірген жас көңілдің.
Кей кездерде көкке шапшып жоғары,
Күміс көбік биік жарға соғады.
Еділ түннің құшағында күрсініп
Әлденендей қалың ойға шомады.
Жараланған жанымнан қан тыйылар,
Құдіретті күш кеудеме кеп құйылар.
Аттанармын жағасынан Еділдің
Айқастарда жау желкесі қиылар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еділ жағасында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Еділ жағасында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еділ жағасында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еділ жағасында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері