Байбосын мен Жәлелге
Бұл бетте «Байбосын мен Жәлелге» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғайып ана хат жаздым,
Байбосын, Жәлел бөлеге.
Ықпал орнап, бақ қонып,
Болыпсыңдар бурадай,
Қаңтарда түскен келеге.
Отырсам да осында,
Марқайып қалдым қалай да,
Шыһқандай биік төбеге.
Алматыға барамын,
"Шақнаманы" сөз қылып,
Жаюға жұртқа өнеге.
Сендер де бол тілектес,
Абырой Алла берсін деп,
Ол сияқты көнеге.
Өлең менен қиялға,
Болмады уақыт, бөлелер,
Толтыруға кенеге.
Апамның жайы жәннат боп,
Өздеріңе құт болсын,
Өздерің тіккен кереге!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі