Сотталған адамға айтқаны

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1744
Ер болсаң, елатыңның көтер назын,
Таппайсың тусаң бүтін, онан жазым.
Ортаға өңшең мерген алғанменен,
Айдынның Алла сақтар қу мен қазын.
Қас бекзат қайбір іске қас қақпайды,
Қипақтап қарлар қылар бас ылажын.
Үкімет ойына алар, өкінбе артық,
Жастардың өздеріндей өнерпазын.
Басына балалардың бақыт қонып,
Бетіне үлкендердің енді әжім.
"Ереді жақсыға сөз, жаманға — шөп",
Өкпелеп, көрме ешкімнен заман сазын.
"Нақақтан солар мені соттатты", - деп,
Жалынып жаздырма, інім, маған назым.
Едәуір, андауымда, ұят болар,
Баспасам балалардың мен базынасын.
* * *
Жаралған біреу ойлы, біреу бойлы,
Бой ойсыз болмас, бірақ, абыройлы.
Ой, білім, бақ, ықпалмен байланысып,
Бос қалған сұңғақ бойлы, ұзын сойлы.
Бой ойдың бұйрығына мәз болады,
Қырық жылда бір келгендей есек ойыны.
Сынаңдар, сырттан сықақ қылмай, тыңдап,
Аралас арасында болса шойыны.
Қай кезде кім таршылық көрген емес,
Гауһарға қымбат баға толған қойны.
Деп ақын Тұрмағамбет қолын қойдым,
Болмайды қатадан құр ердің мойны.
Кетерміз күні ертең бұл жиқаннан,
Ажалдың арқамыздан тисе дойыры.

1930


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сотталған адамға айтқаны өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Сотталған адамға айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сотталған адамға айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сотталған адамға айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері