Сықырлауық – Әбубәкір Қайран

Бұл бетте «Сықырлауық» атты Әбубәкір Қайран жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2657
Ауызғы керегемен қосақтағы –
Есігі киіз үйдің қос ашпалы.
Айқара ашылады қонағына,
Секілді қазақтардың құшақтары.

Бұл есік – әлемдегі бақытты есік,
Және де есік емес ашық-тесік.
Күніне қырық қонақ қабылдап ап,
Тұрғаны жақсылармен несіптесіп.

Қырықтың бірі келер Қыдыры боп,
Көрсетіп үй ішіне жылы жүрек.
Күзетер қос періште босағасын,
Сондықтан бұл есіктің құлыбы жоқ.

Бір шеге бұл есікке қағылмаған,
Жабысқақ желім-мелім жағылмаған.
Босаға, табалдырық, маңдайшасы
Қиысып, бірін-бірі қабылдаған.

Топсасы табалдырық, маңдайшада,
Келтірген келістіріп қандай сән, ә?!.
Ойылған ұяшыққа дәлдеп салып,
Үйші ісі кемел шыққан, болмай шала.

Төр жаққа бұл есіктен нұр есіпті,
Сол нұрдан халық бақыт тілесіпті.
Сиқырлы сықыр үні болғаннан соң,
Деп атар «сықырлауық» бұл есікті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сықырлауық өлеңінің авторы кім?

Әбубәкір Қайран — осы өлеңнің авторы.

Сықырлауық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сықырлауық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбубәкір Қайран өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сықырлауық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері