Бұл бетте «Әйбәт бала» атты Нұрлан Қалқа жазған бала туралы өлең берілген.
Әйбәт бала,
Болғын дана,
Айдана.
Қолға қара,
Дұрыс сана,
Айдана.
Жақсы баға,
Алар жазса,
Айдана.
Артта қалма,
Салмақ салма,
Айдана.
Қалам сұра,
Өлең құра,
Айдана.
Шатақ болма,
Тұрма жолға,
Айдана.
Сырттай мақта,
Досты сатпа,
Айдана.
Жақ бол аққа,
Кінә тақпа,
Айдана.
...Көзім тасқа,
Тілден жасқа,
Тіфә-тіфә, тіфә.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі