Бағдаршам – Ертай Ашықбаев

Бұл бетте «Бағдаршам» атты Ертай Ашықбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5962
Үш көзді дәу – қырағы
Жолторапта тұрады.
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып!
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін! Жасқанба!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері