Жат иіс

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1647
Білуші едік Өтенді,
Күрк-күрк жөтелді.
Жөтелгені несі деп,
Бәріміз де шошып ек.

Өтен тілін тістеді,
Сыры айтылмай іштегі.
Жабыла іздеп себебін,
Бермек болдық көмегін.

Әжесі оған жуық кеп,
«Тиіп қапты суық», - деп.
Қарап көрді тамағын,
Өтен түйді қабағын.

«Жұмбақ жөтел неден?»-деп,
Әжей отыр елеңдеп.
- Болды-ау әбден қапылыс,
Шығады ғой жат иіс.

Жөн болмады мұнысы,
Мынау шылым иісі.
Тарылғаны тынысы –
Темекінің жұмысы.

Неше түрлі бәле бар,
У менен ол бара бар.
Тыраң асып қояның,
Жеңіліпті нояның.

Жылқы сеспей қатқанда,
Шылым шегіп мақтанба!
Нағыз ажал шылымың,
Қысқарады ғұмырың, -

Дегенде әжей шошыдық,
Шылым - зиян, осыны ұқ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жат иіс өлеңінің авторы кім?

Болат Үсенбаев — осы өлеңнің авторы.

Жат иіс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жат иіс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болат Үсенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жат иіс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері